Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды •

    Өлер алдында хат жазған: Маңғыстауда тағы бір әскер асылып қалды

    Маңғыстау облысының Бейнеу шекара қызметінде мерзімді әскери қызмет атқарған тағы бір сарбаз қайтыс болды. Бұл туралы белігілі қазақстандық тележурналист, продюсер Серік Абас-шах әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

    “Бүгін таңғы сағат 5-тер шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу шекара қызметінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген Тешебаев Еділ Бақытұлы (20.03.2003)»асылып қалған». Әскери бөлімдегілер марқұмның Түркістан облысы Сарыағаш ауданында тұратын отбасына екі түрлі хабар айтқан: Алғашында «аяқ киімінің бауына асылып қалған» десе, кейін » белбеуіне асылып қалған» деген. Тағы бір таңданарлық жайт, әскери бөлімдегілер марқұм жазып кеткен деп түрлі жазбалар жіберіліп жатыр екен. Жазбаларда көрсетілген уақыт дұрыс көрсетілмеген. Жазу да марқұмға тиесілі емес көрінеді.

    Марқұм кеше кешке таныстарынан, туыстарынан ақша сұраған.

    Айдың -күннің аманында тағы бір боздақ қыршын кетті, тағы бір отбасы қара жамылды. Қазақстан әскеріндегі қайғылы жағдайлар қашан тоқтайды? Жоғары шенді әскерилер армияны бақылаудың орнына жалған құжат жасап, айыбын жуып -шаюмен айналысып кеткен бе? Бұл оқиғаның ақиқатын кім анықтайды?”, – деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →