Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Мектептегі мұқтаж балаларға ақша берілуі мүмкін

    Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепке әлеуметтік осал топтарға форма емес, ақша беруді ұсынды. Бұл туралы министр Facebook-парақшасында жазды.

    Министрдің айтуынша, «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуге бастама жасалған. Аймағамбетов қандай өзгерістер болатынын түсіндіріп берді.

    «Қазіргі күні «Жалпыға бірдей білім беру» қоры халықтың әлеуметтік осал топтарына киім-кешек, аяқ киім, оқу құралдарымен қамтамасыз ету арқылы көмек көрсетеді. Енді бұл көмекті ақшаға айналдырып, ата-ананың шотына аудару ұсынылып отыр. Яғни ата-аналар балаларын мектепке дайындау үшін ең қажетті заттарды өздері сатып ала алады», — деп жазды министр.

    Ол мұндай шешімді қолдағандар да, оған қарсы шыққандар да көп екенін айтты.

    «Біз әлеуметтік қызметтер порталының іске қосылғанын бірнеше жыл күттік. Бұл жүйе арқылы қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауға болады. Сондай-ақ, ата-аналар осы маркетплейстен балаға қажетті заттарды ғана сатып алып, оны электрон ақшамен төлей алады. Одан бөлек, біз транзакцияларды бақылауда ұстай аламыз.

    Алайда ісіне адал емес басшылардың мұқтаж жандарға өлшемі үлкен немесе кіші, одан қалса сапасы өте нашар киім-кешек сатып алғаны сияқты фактілер бар. Мұндай жағдайлар бізді әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылғанын күтпей-ақ, көмекті ақшаға айналдыруға міндеттейді», — дейді Аймағамбетов.

    Бұл шешімге қарсы шыққандардың айтуынша, ата-аналардың кейбірі бөлінген қаражатты басқа қажеттіліктерге жұмсауы мүмкін.

    «Бірақ қазіргі жүйе арқылы кейбір азаматтар алған киімдерін немесе басқа керек-жарақтарын қайта сатып, қаражатты басқа мақсаттарға жұмсауы мүмкін. Айтпақшы, «Жалпыға бірдей білім беру» қорының жұмысын ұйымдастыру және көмек көлемін белгілеу әкімдіктер құзырында және олардың есебіне қарай көмек мөлшері өзгеріп отырады (15 мыңнан 41 мың теңгеге дейін)», — деді министр.

    Министр енді ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес көмек мөлшерін белгілеу ұсынылып отырғанын айтты.

    «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында отбасы АӘК алатын балалар, егер отбасы АӘК алмаса, бірақ жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен болса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған отбасынан шыққан балалар және әр мектепте алқалы органның шешімі бойынша айқындалатын басқа да санаттар материалдық көмек алады», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →