Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 461,3 538,8 5,49
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлеуметтік желілерде не жазуға болмайды: судья ең жиі кездесетін қателіктерді атады Рыбакина Шнайдерді жеңіп, Цинциннати турнирінің ширек финалына өтті Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді Артық сөйлеудің азабы: Динара Сатжан әйгілі Бағдагүл емшіні сотта екінші рет жеңіп шықты «Бернлидегі» маусымнан кейін Дастан Сәтпаев: жалға ауысу, «Челси» немесе сатылым? Әлеуметтік желілерде не жазуға болмайды: судья ең жиі кездесетін қателіктерді атады Рыбакина Шнайдерді жеңіп, Цинциннати турнирінің ширек финалына өтті Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді Артық сөйлеудің азабы: Динара Сатжан әйгілі Бағдагүл емшіні сотта екінші рет жеңіп шықты «Бернлидегі» маусымнан кейін Дастан Сәтпаев: жалға ауысу, «Челси» немесе сатылым?

    Оралдағы кардиологиялық орталыққа 2,7 млн теңге айыппұл салынды

    «Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының облыстық кардиологиялық орталығы» КМК қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.

    Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметінше, кәсіпорын тексеруден өтпеген медициналық жабдықтарды: электролиттік анализаторды, психрометриялық ВИТ-2 гигрометрін, дефибриляторларды, автоматты гематологиялық анализаторларды, қарқынды терапияға арналған өкпені жасанды желдету аппараттарын қолдануға рұқсат берген.

    Айта кету керек, мұндай сенімді емес медициналық өлшеу құралдарын қолдану – аурулардың дұрыс емес диагнозына және медициналық қызметтердің сапасыз көрсетілуіне әкелуі мүмкін.

    Әкімшілік хаттаманы жасауға ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен келіп түскен материалдар негіз болған.

     

    «Қысқартылған іс жүргізу құқығын пайдалану, бұзушылық фактісін тану, 50% мөлшерінде айыппұл төлеуге келісу және шағымдану ниетінің болмауына байланысты мекеме жеті тәулік ішінде 2,7 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл төледі», — делінген комитет хабарламасында.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →