Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді «Ата-аналар академиясы»: 12 500 адам оқытумен қамтылды Рамазан Амантай сынға жауап беріп, еңбегімен бағалауды сұрады ҚР ОСК төрағасы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен қорытынды кездесу өткізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоры меморандумға қол қойды «Көшеден тауып алдық»: Таразда ер адам соққыға жығылып, қаза тапты Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді «Ата-аналар академиясы»: 12 500 адам оқытумен қамтылды Рамазан Амантай сынға жауап беріп, еңбегімен бағалауды сұрады ҚР ОСК төрағасы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен қорытынды кездесу өткізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоры меморандумға қол қойды «Көшеден тауып алдық»: Таразда ер адам соққыға жығылып, қаза тапты

    Мейрамхан Жәпек, журналист, медиатренер: Жүйені түбегейлі өзгерту – уақыт талабы

    – Билікке мүдделі жандардың өз ішіндегі текетіресінің нәтижесі қақтығысқа ұластырғаны анық. Ел іші бүлініп жатқанда бұғып қалған күштік құрылымдарға сенім аз. Ұсталғандардың ісін әлі де жан-жақты зерттеп-зерделеу керек деп санаймын. Сол кезде көптеген факті ашылып, халық шындықты біледі. Осыған дейін ел байлығын заңсыз иемденгендер, халықтың алдында жауап беріп, жымқырған дүние мүлікті халыққа қайтару керек.

    Қаңтар оқиғасында мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылған топ болғаны анық еді. Оған қару-жарақ дүкендерінің тоналуы, елде хаос тудыруды әдейі көздеген топтардың полиция ғимараттарына, қалалық әкімшіліктерге, әуежайға, телеарналардың ғимаратына шабуыл жасағандардың іс-әрекеті нақты мысал бола алады.

    Мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылған «топтың» іс-әрекетінен жазықсыз адамдар, полиция қызметкерлері, бейбіт шеруге шыққандар қаза тапты. Ең өкініштісі де – осы.

    Жүйені түбегейлі өзгерту – уақыт талабы. Ал қандай сабақ алдық дегенге келсем, сөзсіз халықтың медиа сауатын күшейту керек, себебі халық қоғамдық маңызы бар нәрселерден хабарсыз қалып қойған. Екіншіден, халықтың бірлігінде үлкен күш барын білу керек. Саяси сауатымыз нашар, психологиямыз әлсіз екенін көрдік. Үшіншіден, елім деп шын мәнінде шырылдап жүрген азаматтарға мүмкіндік беріп, билікте жүріп астыртын ой ойлаған, саны көп сапасы жоқ адамдардың орнына қою керек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →