Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Ақмола облысында ер адам көршісінің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген Армения Ресейдегі мобилизациядан қашқандарға есігін ашпақ БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Ақмола облысында ер адам көршісінің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген

    Миллиардер Сорос Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екенін айтты

    Америкалық миллиардер Джордж Сорос Ресейдің Украинаға басып кіруі Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуына әкелуі мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Reuters.

    «Ресейдің басып кіруі Үшінші дүниежүзілік соғыстың басы болуы мүмкін және біздің өркениет одан аман қалмауы ықтимал. Өркениетімізді сақтап қалудың ең жақсы және жалғыз жолы — Путинді мүмкіндігінше тезірек жеңу. Мәселе осында», — деді Сорос Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда.

    Сондай-ақ қаржыгер еуропалықтар газға келгенде Ресейге тәуелді болуына кінәні Германия экс-канцлері Ангела Меркельдің Мәскеумен жасаған «арнайы келісімдеріне» жүктеді.

    «Еуропаның ресейлік қазба отындарына тәуелді болуы, негізінен, Меркель жүргізген саясатқа байланысты шектен тыс қалып отыр. Ол Ресеймен газ жеткізу бойынша арнайы келісімдер жасап, Қытайды Германияның ең ірі экспорттық нарығына айналдырды», — деп келтіреді Соростың сөзін Politico.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →