Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды Петропавл маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт ауқымды аумақты шарпыды Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды Петропавл маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт ауқымды аумақты шарпыды

    «2ГИС, Яндекс сервистеріне «қазақ тілін енгізесіңдер» деген талап қойып жатырмыз» — Бағдат Мусин

    Бұдан былай елімізде қолданылатын мобильді қосымшалардан қазақ тілінде қызмет көрсету талап етілмек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

    «Бұған бұрын мән бермеуші едік. Тек қана мемлекеттік органдардың сайттарына, порталдарына назар аударып келдік. Оларды мәжбүрлеп, қазақ тіліне аударттық. Бірақ олардың да сапасы төмен екенін білеміз. Қазір жақсартып жатырмыз. Оларға талап қойылды, жұмыс жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді министр Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуде.

    Мусиннің айтуынша, Facebook сынды жекеменшік сервистерден қазақ тілінде жұмыс істеуін талап ете алмайды.  Егер қазақ тілінің жоқтығына байланысты сервисті елде жауып тастаса, тұрғындар наразы болуы мүмкін.

    «Бұл – нарық. Сондықтан осы сатыда қазір Америкаға бармай-ақ қояйық, жанымыздағы сервистер – 2ГИС, Яндекс болсын, соларға шығып, осындай талаптарды қойып жатырмыз. «Біздің экономикада жұмыс істегіңіз келсе, онда қазақ тілін енгізесіз» деген талап қоямыз. Сондай ұсыныстарды талқылаудамыз», – деді министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →