Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сабина Алтынбекова волейболдағы тәртіпсіздікке қарсы шықты • Петропавлда белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адам қайтыс болды • Бата мен тостың аражігін ажырата білу — халық дәстүрінің көрінісі • Астанада балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды • Зейнеп Баянова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты • Сабина Алтынбекова волейболдағы тәртіпсіздікке қарсы шықты • Петропавлда белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адам қайтыс болды • Бата мен тостың аражігін ажырата білу — халық дәстүрінің көрінісі • Астанада балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды • Зейнеп Баянова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты •

    Алматыда қала күніне орай кең ауқымда мәдени шаралар өтеді

    Қала күні Алматыда кең ауқымда тойланады. Солардың бірі жыл сайынғы Charity Music Run атты музыкалық қайырымдылық шарасы, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық агенттігі.

    Алматы қалалық Мәдениет басқармасының мәліметінше, 9 қыркүйекте сағат 19:00 қала күнін мерекелеу аясында Еthnotronica Almaty музыкалық технологиялық шоуы басталды.

    «Ethnotronica» — бұл стильдердің әртүрлілігін, әлем халықтарының әуендерінің сұлулығын, дәстүрлі аспаптардың колоритін және электрондық ырғақтың қуатын біріктіретін бірегей музыкалық және технологиялық шоу.
    Биыл Ethnotronica фестивалінде ZSOMBOR FEHER (Венгрия), ABBOS (Өзбекстан), SITORA NAZAROVA (Тәжікстан), TURAN (Қазақстан), VRAM MINASYAN (Армения), BRANKO AND KАІ (Қазақстан), DJ DUBTAZER (Израиль), DJ TIM DIAN (Ресей), DJ EDIGE (Қазақстан), DJ TIM DIAN (Ресей) өнер көрсетеді», — деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Халықаралық фестиваль Абай атындағы алаңда, Республика сарайының алдында (Достық даңғылы мен Абай даңғылының қиылысы) өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары ауқымды концертті тегін тамашалай алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →