Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Мультфильмдегі басты кейіпкермін»: Баян Мақсатқызы арманы орындалғанын айтты • Қызылордада балалар ойын алаңының құрылысы аяқсыз қалған: тұрғындар мердігерге наразы • Әлеуметтік көмек қысқармайды: мұқтаж отбасыларға қолдау толық сақталады • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • «Мультфильмдегі басты кейіпкермін»: Баян Мақсатқызы арманы орындалғанын айтты • Қызылордада балалар ойын алаңының құрылысы аяқсыз қалған: тұрғындар мердігерге наразы • Әлеуметтік көмек қысқармайды: мұқтаж отбасыларға қолдау толық сақталады • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды •

    Тоқаев Мирзиеевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті және Өзбекстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 

    Президент Өзбекстан басшысына жолдаған жеделхатта көрші елдің халқын ұлттық мерекесімен құттықтай отырып, екі елдің Орталық Азияның тұрақтылығы мен игілігі үшін ынтымақтастықты нығайта беретініне сенім білдірді.

     

    Біздің халықтарымыздың түпкі мүдделерін, ғасырлар бойғы достық және тату көршілік дәстүрлерін негізге ала отырып, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға басымдық беремін. Біз ортақ күш-жігерді біріктіре отырып, бауырлас халықтарымыздың өркендеуі және Орталық Азияның тұрақтылығы мен игілігі үшін көпжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін іске асыра алатынымызға сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

     

    Айта кетсек, Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігін 1991 жылы 1 қыркүйекте жариялаған болатын. 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған Конституциясы бойынша, президенттік басқару нысанасындағы зайырлы мемлекет. Президенті 5 жылға сайланады. Жоғары заң шығарушы органы (Олий Мәжіліс) – қос палаталы. Ол Заң шығару палатасы (төменгі палата) және Сенат (жоғарғы палата) болып бөлінеді. Атқарушы органы – Министрлер кабинеті. Әкімшілігі жағынан бір автономиялық республикаға (Қарақалпақстан Республикасы) және 14 облысқа бөлінеді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →