Қазақстанда бала күтіміне байланысты жәрдемақы алып отырған 11 мың ауқатты әйел бар болып шықты
Фото: ЖИ
Құрылтай депутаты Ләззат Қожахмет Қазақстанда бала күтіміне байланысты, яғни баласы 1,5 жасқа толғанша мемлекеттік бюджеттен жәрдемақы алып отырған 11 мың ауқатты әйел бар екенін мәлімдеді, деп хабалайды Qazaqtoday.info.
Бұл туралы депутат әлеуметтік желідегі видеосында жазған.
«Қазіргі таңда декреттік төлемдерді алып отырған, А және В санатына кіретін 11 мың әйел бар екен. Жыл сайын біз 200-300 мың бала дүние келетін болсақ, соның ішінде 2026 жылы 11 мың бала А және В санатына кіретін әйелдердің баласы», — деп хабарлады депутат.
