Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды • Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді • Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр • Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді • Полицияның қатысы бар: Астанада 170 пәтерді иемденбек болған қылмыстық топ ұсталды • Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды • Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды • Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді • Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр •

    Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді

    Қылмыстық іс қозғалды: журналист Сандуғаш Дүйсенова сот ғимаратында соққы жеді
    Фото: ашық дереккөз

    Қонаев қаласында адам өліміне әкелген жол апатына қатысты сот отырысы кезінде журналист Сандуғаш Дүйсенова мен айыпталушы әйел арасында жанжал шықты. Журналистің арызынан кейін полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Сандуғаш Дүйсенованың айтуынша, сот отырысындағы үзіліс кезінде айыпталушы әйел оның қолындағы телефонын тартып алмақ болған. Кейін қолынан ұрған. Соның салдарынан телефон жерге түсіп кеткен.Оқиғадан кейін журналист Қонаев қалалық полиция басқармасына жүгініп, қолындағы дене жарақаттарын тіркеткен. Оның арызы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

    Журналистің сөзінше, жанжал шығарған әйел Алматы – Бішкек тасжолында болған адам өліміне әкелген жол апаты бойынша айыпталып отыр. Бұған дейін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне себеп болғаны үшін екі жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

    Аталған жол апатынан 25 жастағы ер адам қаза тапқан. Айыпталушы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істейді. Сот ғимаратында болған жанжалдың мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталмақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →