Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды • Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды •

    Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында жаңадан төселген жол опырылып қалды

    Алматыда мердігер ұйымның кәріз жүйесіне заңсыз қосылуы салдарынан Әл-Фараби даңғылы бойындағы жаңа жол төсемі опырылып түсті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Қала әкімдігінің мәліметінше, қалада заманауи өнер мұражайын салу үшін инженерлік желілерді тартумен айналысатын «Парсек ltd» ЖШС мердігер ұйымы қаланың кәріз жүйесіне заңсыз қосылған. Салдарынан әл-Фараби даңғылы бойындағы учаскеде жол төсеміне зақым келді.

    Оқиға 24 тамызда кешкі уақытта болған.

    «Құбырды (диаметрі 50 см) төсеу жұмыстары — мұражай жақтағы құдықтан жол бойындағы құдыққа дейін қазу әдісімен жүргізілгені анықталды. Бұл ретте қайта жабу кезінде топырақ дұрыс тығыздалмаған, сол себепті жол төсемінің (шеткі жолақ) тұтастығы зақымданған. Мердігер жазаланады және тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Жол төсемі мердігер есебінен қайта қалпына келтірілетін болады. Жолақтың еніне асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын қайта төсеу жұмыстарын жолдың ішінара жабылуымен 26 тамызда сағат 23:00 — ден 06:00-ге дейін жүргізу жоспарлануда», — делінген әкімдік хабарламасында.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →