Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды

    Қазақстанда «Стелс-Омикрон» штамы анықталды – ҚР ДСМ

    ПТР скринингтің қорытындысы бойынша елімізде коронавирус инфекциясы штамының түрлі нұсқасы анықталды. «Омикрон штамм» барлық өңірлерден анықталды, оның ішінде 12 өңірден «стелс-омикрон» табылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингтің қорытындысы бойынша елімізде коронавирус инфекциясы штамдарының түрлі нұсқаларының айналымы анықталды. Барлық өңірлерде BA.1 «Омикрон» штамы 98,6 %-да анықталды, оның ішінде 12 өңірде BA.2 «Стелс-Омикрон» штамы 36,7%-да анықталды.

    Сондай-ақ B. 1.617-like Delta штамы айналымда жүр және зерттелетін сынамалар санының 1,4%-ын құрайды.

    ПТР скрининг нәтижелерін растау үшін толық геномдық секвенирлеу жүргізіледі, ол ағымдағы айдың соңына қарай аяқталады.

    Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанына қарамастан, Министрлік коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны, ревакцинацияны уақтылы жүргізуді ұсынады.

    Алты ай бұрын және одан да көп уақыт бұрын вакцинация курсын алған адамдар ревакцинациялауға жататынын естеріңізге саламыз. Қазіргі уақытта Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін халыққа вакциналардың үш түрі (Пфайзер, Синофарм және КазВак) қолжетімді, олардың екеуін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →