Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды •

    Нархоз университеті Украина азаматтарына білім гранттарын бөледі

    Биыл мектеп бітіріп, түлек атанған немесе Украина, Ресей университеттерінен Қазақстандағы жоғары оқу орнына ауысуды жоспарлаған Украина азаматтарына Нархоз университеті грант ұсынатын болады. Бұл туралы Qazaq.Today ақпарат агентігі тілшісі ЖОО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Білім беру гранты 100% оқу ақысын, жатақханада тегін тұруды және жол шығындарын өтеуді қамтиды. Тиісті шешімді Нархоз Университетінің басқарма мүшелері бірауыздан қабылдады.

    Украина азаматтарының құжаттарын қабылдау 16 мамырда басталады. Талаптарға тоқталатын болсақ, Нархоз Университетіне түсу үшін мектеп аттестатының орташа академиялық балы 4,00-ден төмен болмауы тиіс (немесе 80%). Украина немесе Ресейдегі жоғары оқу орнынан ауысуды жоспарлаған студенттің 2021 жылғы күзгі немесе 2022 жылғы көктемгі семестрінен кейін жалпы GPA көрсеткіші 70% төмен болмауы керек. Оқуға қабылданбас бұрын міндетті түрде сұхбат жүргізілетін болады.

    Нархоз Университеті – болашақ экономистерді, қаржыгерлерді, аудиторларды, бухгалтерлерді, маркетологтарды, заңгерлерді, менеджерлерді және цифрлық технологиялар, қонақ үй бизнесі, туризм және мемлекеттік басқару саласындағы мамандарды оқытатын Алматыдағы (Қазақстан Республикасы) жетекші жеке жоғары оқу орны. Нархоз халықаралық аккредитацияларға ие, сонымен қатар университеттің білім беру бағдарламалары халықаралық сертификаттарға сай (ACCA, CIMA және т.б.).

    Нархоз Қазақстандағы топ-5 жоғары оқу орын қатарында және университет түлектері «Үлкен төрттікке» кіретін PWC, E&Y, KPMG, Deloitte компанияларында ерекше сұранысқа ие.

    Қосымша ақпарат алу үшін admission@narxoz.kz поштасына  жазып хабарлассаңыз болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →