Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды

    Екі кішкентай бала болған: Ақмола облысында бір отбасы өрттен қаза тапты

    Ақмола облысында электр сымындағы қысқа тұйықталу салдарынан шыққан өрттен төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

    Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 5 мамыр да түнгі сағат 03:54-те Көкшетау қаласының Красный Яр ауылында болған. Бірінші қабаттағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсе салысымен, оқиға орнына дереу Садовое ауылының 29 өрт сөндіру бекетінің және Көкшетау қаласының 1-ӨСБ күштері мен құралдары жіберілді.

    Үш минуттан кейін алғашқы өрт сөндіру бөлімдері жұмысқа кірісті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 1964 жылы туған әйел мен оның 2015 жылы туған немересі терезе арқылы пәтерден өз бетінше шыға алған. Өртті сөндіру кезінде екі ересек адамның – 1991 жылы туған ер адам мен 1993 жылы туған әйелдің, сондай-ақ 2018 жылы туған екі баланың мәйіті табылды.

    «Өрт 50 шаршы метр аумақтағы пәтерден шыққан. Өрттің алдын ала себебі электр сымындағы қысқа тұйықталудан болған. Өрт сағат 04:50-де өрт сөндірілді. Қазір өртке қарсы зерттеу зертханасы жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 13 қызметкері мен үш техникасы шықты», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

    Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқандардың бір отбасы мүшелері, яғни ата-анасы мен олардың екі баласы екенін, ал әжесі мен немересі өрттен аман қалғанын түсіндірді.

    Құтқарушылар облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, өздеріне және жақындарына қамқорлық жасауды сұрайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →