Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда әлеуметтік көмек кімге көбірек беріледі? Сарапшы түсіндірді • Соғыс аймағындағы 14 қазақстандықты алып шығу жоспарланған • Олжас Бектенов Балқаш қаласындағы жүйе құраушы кәсіпорындар жұмысымен танысты • Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Қазақстанда әлеуметтік көмек кімге көбірек беріледі? Сарапшы түсіндірді • Соғыс аймағындағы 14 қазақстандықты алып шығу жоспарланған • Олжас Бектенов Балқаш қаласындағы жүйе құраушы кәсіпорындар жұмысымен танысты • Астана мектебіндегі кептелістен кейін директор қызметінен босатылды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды •

    Танымал вайнер желідегі видеодан кейін жауапқа тартылды

    Роликте Сека (Sekavines) «кедей» жолаушыны жеткізіп салады. Алайда өзі қауіпсіздік белдігін тақпаған.

    Танымал қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек (Sekavines) жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматының Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram-парақшасында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Вайнер түсірген видео әлеуметтік желіде тараған. Роликте Сека «кедей» жолаушыны жеткізіп салады. Алайда өзі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Желі қолданушылары полицейлер бұл видеоға назар аударып, вайнерді жазалау керегін айтқан.

    Абдрахмановтың мәліметінше, Алматы ПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады.

    «Т. әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Айта кетейін, жолда бұлай жүруге болмайды», — деді Абдрахманов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →