Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? • Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады • «Жаның жәннатта болсын!»: Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы сынға қалды (ВИДЕО) • Тұманда жантүршігерлік жол апаты: әйел көлігімен бір үйір жылқыға соғылды • «Қазгидромет» 22 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Атырау трагедиясының құрбаны Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет сұхбат берді • Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? • Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады • «Жаның жәннатта болсын!»: Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы сынға қалды (ВИДЕО) • Тұманда жантүршігерлік жол апаты: әйел көлігімен бір үйір жылқыға соғылды • «Қазгидромет» 22 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Атырау трагедиясының құрбаны Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет сұхбат берді •

    «Үстіне секірді, қабырғалары, тісі сынған». Түркістан облысында ер адам әйелін өлгенше сабаған

    Түркістан облысында ер адам әйелін төрт баланың көзінше ұрып өлтірді, — деп хабарлайды OTYRAR.

    Оқиға 29 сәуірге қараған түні болған. Полицияға марқұмның жасөспірім қызы хабар берген.

    «Бұл дерек Ордабасы аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-ның 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Алынған заттай айғақ сараптамаға жіберілді. Күдікті өз әрекетін мойындады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соталды тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деді ПД өкілдері.

    Ведомство мәліметінше, ұсталған азамат Ордабасы ауданының тұрғыны. Ер адам полиция бөлімшесіне тіркелмеген. Сол күнге дейін көрші-қолаңнан, туыстардан айғай-шу туралы ешқандай арыз-шағым түспеген.

    Қайғылы жағдайдан кейін ерлі-зайыптының екеуінің де ата-анасы кәмелетке толмаған төрт баланы өз қамқорлығына аламыз деп отыр.

    Бұл ретте КТК телеарнасы мәліметі бойынша, әйелдің қызы анасын құтқаруды өтініп, төрт рет полицияға хабарласқан. Көмек 40 минуттан кейін ғана келген. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

    «Аузына коньяк құйды. Сосын сол бос бөтелкені қызымның басына сындырды. Үйден моншаға шашынан сүйреп апарды. Басында шаш қалмады. Тістері сынған. Үстіне секірді, іші түгел зақымдалған, қабырғалары сынған», — дейді марқұмның анасы Қаламқас Сартаева.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →