Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Гүл ұрлаған мемкірістер басқармасы басшысының орынбасарына сөгіс берілген

    Түркістан облысы Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды Шымкент гүл дүкенінде жасаған әрекеттері үшін қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz OTYRAR-ға сілтеме жасап.

    Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 14 тамыздағы бұйрығымен Елқондыға «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

    Мемлекеттік қызмет департаментінің ресми хабарламасында Елқондының іс-әрекеттері «әдепсіз және жол берілмейтін әрекеттер» деп мәлімделген.

    Естеріңізге сала кетейік, жуырда желіде Шымкенттегі гүл дүкенінде түсірілген видео тарады. Кадрлардан ер адамның дүкен қызметкерін ұрып-соғып, гүл ұрлағанын көруге болады. Кейінірек бейнежазбадағы «батыр» бұрынғы учаскелік инспектор екені анықталды.

    Дүкен иесі құқық қорғау органдары барлық құқық бұзушыларға қарсы іс қозғағысы келмейтінін айтады. Сондай-ақ, әйел белгісіз адамдар қоңырау шалып, қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Оқиға қоғамдық резонанс тудырды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →