Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? • Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады • «Жаның жәннатта болсын!»: Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы сынға қалды (ВИДЕО) • Тұманда жантүршігерлік жол апаты: әйел көлігімен бір үйір жылқыға соғылды • «Қазгидромет» 22 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Атырау трагедиясының құрбаны Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет сұхбат берді • Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? • Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады • «Жаның жәннатта болсын!»: Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы сынға қалды (ВИДЕО) • Тұманда жантүршігерлік жол апаты: әйел көлігімен бір үйір жылқыға соғылды • «Қазгидромет» 22 қазанда үш қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Атырау трагедиясының құрбаны Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет сұхбат берді •

    «Көліктегі нөмірдің орнына ASANALI деп жазылған»: Полиция түсініктеме берді

    Қызылорда облысының полицейлері мемлекеттік нөмірдің орнына ASANALI деген жазуы бар көліктің облыста неге жүргені жайлы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Qazaq.Today жазды.

    Әлеуметтік желі қолданушылары ерекше нөмірлі, дәлірек айтсақ, тек ASANALI деген латын әріптері барCadillac Escalade көлігінің видеосын қызу талқылап жатыр.

    Қызылорда облысының полицейлері Cadillac Escalade көлігінің мемлекеттік нөмірі стандартқа сәйкес келмегені үшін тоқтатылғанын түсіндірді.

    «Белгілі болғандай, автокөлік актер, режиссер, кеңестік және қазақ киносы мен театрының профессоры, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімовтың туғанына 85 жыл толуына арналған деректі фильмді түсіру үшін пайдаланылады.

    Оқиға орнында ескертуден кейін көлікке тиісті мемлекеттік белгі бекітілді», — деп түсіндірді облыстық полиция департаментіндегілер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →