Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) • Атыраудағы қараусыз қалған ұңғыма халықты қашанға дейін үрейде ұстайды? • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) • Атыраудағы қараусыз қалған ұңғыма халықты қашанға дейін үрейде ұстайды? •

    Сауна ғимаратындағы балалар лагері: Шошынған ата-аналар демалыс орнынан балаларын алып кете бастады

    Балаларын лагерге жіберген алматылық ата-аналар оқушылардың қандай орынға жайғастырылғанын көріп жаға ұстады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

    Ирина Ким есімді Facebook қолданушысы өз парақшасында лагерь аумағында жалаңаш ер адамдардың бассейн маңында серуендеп жүрген видеосын жариялады. Сол видео арқылы балаларының сауна аумағына орналастырылғанын білген ата-аналар оқушыларды демалыс орнынан жаппай алып кете бастады.

    “Екі күн бұрын Жетісу ауданының балалары «Арман дала» лагеріне аттанды. Кешке көптеген балалар ата-аналарына орналасқан жерлерінен видеолар мен фотосуреттер жібере бастады. Ата-аналар шошып кетті. Олардың көбі дереу балаларды алып кетуге барды және осы видеоны түсіріп жіберді. Ондағы көрініске ашуланғаным сондай, тынысым тарылып қалды. Ата-аналар қандай күй кешкенін, балалар қалай қорыққанын айтудың өзі қиын. Бұл үшін кім жауап береді?” – деп жазды Ирина Ким.

    Алматы қаласының білім басқармасы ведомство қызметкерлері ата-аналарының шағымынан кейін «Арман дала» қала сыртындағы лагеріне шұғыл аттанғанын хабарлады.

    “Білім басқармасы осы ұйыммен шартты бұзу мәселесін қарайтын болады. Қазіргі уақытта балалар үйлеріне таратылып жатыр, жақын арада оқушылар бекітілген ережелер қатаң сақталған басқа лагерьлерге жіберіледі”, — делінген хабарламада.

    Фото: ғаламтордан

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →