Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Жолдауы: 70-ке жуық медициналық нысан салынып, дәрігерлер жалақысы 40%-ға өседі • Алматыда зорлық жасады деп күдікке ілінген жігіт өзіне қол жұмсамақ болды • Қазақстандық режиссер Медет Шаяхметов GTA VI жарнамалық ролигін түсірді • «Комфорт санатындағы үй алдық, бірақ жағдай жоқ»: Астанада G-Park салған үш тұрғын үй кешенінің тұрғындары шағымданды • Қарағандыдағы саунада өрт шығып, адамдар эвакуацияланды • Астана мен Алматыда Дима Билан концертіне жалған билеттер сатылып жатыр • Тоқаев Жолдауы: 70-ке жуық медициналық нысан салынып, дәрігерлер жалақысы 40%-ға өседі • Алматыда зорлық жасады деп күдікке ілінген жігіт өзіне қол жұмсамақ болды • Қазақстандық режиссер Медет Шаяхметов GTA VI жарнамалық ролигін түсірді • «Комфорт санатындағы үй алдық, бірақ жағдай жоқ»: Астанада G-Park салған үш тұрғын үй кешенінің тұрғындары шағымданды • Қарағандыдағы саунада өрт шығып, адамдар эвакуацияланды • Астана мен Алматыда Дима Билан концертіне жалған билеттер сатылып жатыр •

    Еуроодақ порттары Ресей кемелерінің кіруіне тыйым салды

    ЕО барлық елдерінің порттары ресейлік кемелер үшін жабық. қолжетімділікті жауып тастады.

    Ресейге қарсы мұндай шараға Эстония, Бельгия мен Болгария да қосылды. Оның алдында Румыния мен Италия ресейлік кемелердің келуіне тыйым салған.

    Бұл – Еуропа елдері Ресейге Украинаға қарсы басқыншылығы үшін Еуропа одағы салған санкциялардың бесінші пакетіне сәйкес қабылданған шара. Мәскеу Украинаға соғыс ашқан 24 ақпанға дейін Ресей туы астында жүріп, содан кейін басқа елдің туын іліп алған кемелер де осы санкцияға ілігеді.

    Эстония экономика және инфрақұрылым министрі Таави Асстың мәлімдеуінше, күллі Еуропа Ресейге тәуелді болмау үшін экономикалық қызметін қайта қарап жатыр.

    ЕО-ның ресейліктерге тыйым салу туралы шешімі Ресей туымен тіркелген барлық кемелер, сондай-ақ 24 ақпаннан кейін Ресей Федерациясының тіркеуін өзгерткен кемелерге қолданылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →