Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Анна Данченко анасы қайтыс болған соң той жүргізгенін айтты Петропавлда бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 6 адам құтқарылды Қазақстан волейболшылары Азия ойындарының ширек финалында Оңтүстік Кореядан жеңілді Екібастұзда жол-көлік оқиғасынан бала қаза тапты Фицо: Словакия Ресеймен жалған сылтаулармен соғысуға сарбаз жібермейді Жоламан Биғабыл Азия ойындарында каратэден алтын медаль жеңіп алды Анна Данченко анасы қайтыс болған соң той жүргізгенін айтты Петропавлда бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 6 адам құтқарылды Қазақстан волейболшылары Азия ойындарының ширек финалында Оңтүстік Кореядан жеңілді Екібастұзда жол-көлік оқиғасынан бала қаза тапты Фицо: Словакия Ресеймен жалған сылтаулармен соғысуға сарбаз жібермейді Жоламан Биғабыл Азия ойындарында каратэден алтын медаль жеңіп алды

    Қазақстанда ЖОО дипломы QR-кодпен беріледі

    Биылдан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломдар бланкіде QR-кодпен беріле бастады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 

    Министрлік деректерді автоматты сәйкестендіру мен верификациялау немесе QR-код технологиясын қолдану жалған диплом жасаудан қорғауға және жұмыс берушілердің диплом түпнұсқалығын бірден тексеріп алуына мүмкіндік беретін жаңашылдық екенін атап өтті.

     

    QR-код дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Ол құжаттың иесі жайлы деректер, оқу орны туралы ақпарат пен Ұлттық білім беру деректер қорынан алынған құжат деректемелері көрсетілетін мемлекеттік интернет-ресурсқа сілтеме береді. QR-кодта түлекті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер: түлектің аты-жөні, ұйымның атауы, түскен/бітірген жылы, мамандығы мен біліктілігінің атауы, оқыту нысаны, дипломның сериясы мен нөмірі беріледі, — деді Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

     

    Биылдан бастап беріле бастаған ТжКБ дипломдары цифрлық жеке және жүргізуші куәліктері секілді электронды үкімет порталындағы жеке кабинет немесе eGov электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттар сервисі арқылы немесе екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы алуға болады.

    Түлектерге eGov Mobil қосымшасы арқылы QR-код бойынша ақпаратты ұйымдар мен жеке тұлғаларға цифрлық түрде жіберу мүмкіндігі берілді. Мұндай тәжірибе жоғары оқу орындарын бітіргені туралы диплом беру кезінде қолданылып келеді.

    Осы жылы 140 мыңнан аса колледж түлектері QR-коды бар дипломдар алады.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →