Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мәслихат сайлауына қаражат қайдан бөлінеді? • Серікзат Дүйсенғазы әкесінен айырылып қалды • Ақтауда екі қыз ойын алаңын өртеген: құрылыс компаниясы 11 миллион теңгеге жуық шығынды кімнен өндірмек? • Тоқаев World Aquatics президентін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады • Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күн белгіленді • Дзюдодан әлем чемпионаты 2027 жылы Астанада өтеді • Мәслихат сайлауына қаражат қайдан бөлінеді? • Серікзат Дүйсенғазы әкесінен айырылып қалды • Ақтауда екі қыз ойын алаңын өртеген: құрылыс компаниясы 11 миллион теңгеге жуық шығынды кімнен өндірмек? • Тоқаев World Aquatics президентін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады • Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күн белгіленді • Дзюдодан әлем чемпионаты 2027 жылы Астанада өтеді •

    Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады,деп хабарлайды Qazaq.today.

     

    Бұл – Исламның тағылымы мол діни дәстүрі. Құрбан айт адамдарды мейірімді, адал, жанашыр болуға, адамзаттың бәріне құрметпен қарауға үндейді. Осы құндылықтар ұлттың рухани өрлеуіне, қоғамда жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді. Айт күндері мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, жақындарына амандық пен жақсылық тілейді. Шынайы көңілмен мұқтаж жандарға жәрдемдеседі. Мұның бәрі жұртшылықты жақындастырып, еліміздегі жалпыұлттық бірлікті, бейбітшілікті және келісімді нығайта түседі.

     

    Мейірімділік, имандылық, қайырымдылық – халқымызға тән ізгі қасиеттер. Ұлық мерекенің ұлағаты жұртымыздың табиғатына етене жақын. Сондықтан бұл мейрам ұлттық салт-дәстүрімізбен біте қайнасып, бірге жасап келеді. Баршаңыздың дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!», – делінген президент құттықтауында.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →