Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 22 қараша 2026 $ 455,9↑€ 500,1↑₽ 5,56↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мақпал Исабекова төрт жылдық декреттен кейін шығармашылыққа оралды • Асу Алмабаев UFC-де екінші рет жеңіліс тапты • Тоқаев өзбекстандық боксшы Саят Ильясовқа Қазақстан азаматтығын беру туралы жарлыққа қол қойды • «Зенит» Алиппен бірге 17 жыл бұрынғы антирекордты қайталады • Әділжан Жаудинов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • СКА «Сочиді» сырт алаңда 5:2 есебімен жеңді • Мақпал Исабекова төрт жылдық декреттен кейін шығармашылыққа оралды • Асу Алмабаев UFC-де екінші рет жеңіліс тапты • Тоқаев өзбекстандық боксшы Саят Ильясовқа Қазақстан азаматтығын беру туралы жарлыққа қол қойды • «Зенит» Алиппен бірге 17 жыл бұрынғы антирекордты қайталады • Әділжан Жаудинов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • СКА «Сочиді» сырт алаңда 5:2 есебімен жеңді •

    Мақпал Исабекова төрт жылдық декреттен кейін шығармашылыққа оралды

    Мақпал Исабекова төрт жылдық декреттен кейін шығармашылыққа оралды. Әнші екі баласын тәрбиелеп, ажырасқанын және тағы да ана атанғысы келетінін айтты.

    Мақпал Исабекова төрт жылдық декреттен кейін шығармашылыққа оралды

    Сурет: sn.kz

    Танымал әнші Мақпал Исабекова «Zamandas» бағдарламасына берген сұхбатында соңғы жылдардағы өміріндегі өзгерістер туралы айтты. Әнші төрт жыл бойы декреттік демалыста болғанын, ажырасқанын және тағы да ана атанғысы келетінін жеткізді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оның сөзінше, ол екі баласын тәрбиелеуге басымдық беріп, шығармашылықтан уақытша қол үзген. «Төрт жыл бойы декреттік демалыста болдым. Екі бала дүниеге әкелдім. Енді ғана айналама қарап, „Не болып жатыр? Не жаңалық? Киноға түсейік, ән айтайық!“ деп жүрмін. Баламен үйде отырамын деп шешкен де өзім. Өйткені салыстырмалы түрде кеш босандым. Қоғамда әйелдер ерте босануы керек деген түсінік бар. Мен ұлымды 38 жасымда, қызымды 40 жасымда дүниеге әкелдім. Сол себепті олардың қалай өсіп, қалай өзгеріп жатқанын көргім келді. Балаға күтім жасауға көмекшім де болмады, тек ұлым 9 айлық болған кезде ғана алдым», – дейді Мақпал Исабекова.

    Қазір әншінің үлкен ұлы төрт жаста, ал қызы екі жасқа толған. Ол бала тәрбиесіне барынша көңіл бөлгенімен, көпбалалы ана болу арманынан бас тартпағанын айтты. «Тағы екі бала дүниеге әкелгім келеді. Уақыттың өтіп бара жатқанын түсінемін, бірақ қазір 45 жаста да босануға болады ғой. Жас деген жай сылтау ғана. Ажырасып кеттім», – дейді әнші.

    Сұхбат барысында Мақпал Исабекова босанғаннан кейін депрессияға түскенін де жасырмады. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуімен Шымкент қаласында танысқан. Алайда отбасын құрғаннан кейін ерлі-зайыптылар екі қалада тұрған: Мақпал Алматыда қалса, жолдасы Шымкентте өмір сүрген. Тіпті балалары дүниеге келген кезде де күйеуі отбасына келіп-кетіп жүрген. Өнер иесі екі жыл бұрын некесі бұзылғанын айтты.

    Қазір Мақпал Исабекова шығармашылыққа қайта оралып, кино және сериалдарға түсіп жүр. Кейбір жобаларда басты рөлді де сомдаған. Әншінің айтуынша, бүгінде негізгі табыс көзі – концерттер мен кино саласындағы жұмысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →