Асу Алмабаев UFC-де екінші рет жеңіліс тапты
Асу Алмабаев UFC-де жапондық Кёдзи Хоригутиден бірауыздан жеңіліп, мансабындағы төртінші жеңілісін алды. Хоригути 37-ші жеңісін тойлады.
Фото: Instagram/ @ufc
Асу Алмабаев аралас жекпе-жек өнерінен UFC турнирінде екінші жеңілісін бастан кешірді. Ол жапондық Кёдзи Хоригутимен (36-6) кездесті. Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылып, Хоригутидің бірауыздан қабылданған төрешілер шешімімен жеңісімен аяқталды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бұл жеңіс Кёдзи Хоригути үшін ММА-дағы кәсіби мансабындағы 37-ші жеңісі болды. Қазақстандық спортшының есебінде 24 жеңіс және төрт жеңіліс бар.
Бұған дейін қазақстандық жекпе-жекші Дияр Нұрғожай (12-2) Дохада өткен UFC Fight Night 294 турнирінде өнер көрсетті. Ол америкалық Алик Лоренцпен (8-2) жұптасты. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланып, қазақстандық файтердің екінші раундта техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды.
