Димаш Құдайбергенге WBC құрмет белбеуі табысталды
19 қарашада Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында Димаш Құдайбергенге WBC құрмет белбеуі табысталды. Марапат әншінің халықаралық жетістіктері мен мәдениеттерді жақындастыруға қосқан үлесі үшін берілді.
