Диляра Қайдар келіні Айсәуле туралы жылы лебізін білдірді
Диляра Қайдар келіні Айсәуле Бақытбектің ақкөңілдігі мен тәрбиесін жоғары бағалап, желі қолданушылары жылы пікірлерін жаудырды.
Фото: 365info
Еліміздің бас онколог-дәрігері Диляра Қайдар отбасылық қарым-қатынас туралы сұхбат беріп, келіні Айсәуле Бақытбектің бойындағы жақсы қасиеттерін ерекше атап өтті. Продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле — Диляра Қайдардың ұлының жары.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында бас онколог келінінің ақкөңілдігіне, мейірімділігіне және тәрбиесіне жоғары баға берді.
«Айсәуле өте ашық, жүрегі кең, мейірімді қыз. Әрдайым көңілді жүреді, ақкөңіл. Үнемі күліп жүреді, қандай жағдай болмасын, ол үнемі күліп жүруге тырысады. Алған тәрбиесі де өте жақсы», – деді ол.
Енесінің келініне деген ықыласы желі қолданушыларының да назарын аударды. Көпшілік олардың арасындағы сыйластық пен жылы қарым-қатынасқа сүйсініп, пікірлерін қалдырған.
«Әйел адамның өз ұлының жары туралы осындай махаббатпен, құрметпен айтқанын көру қандай ғанибет», «Өзіңіз де өте зиялы жансыз, келініңіз де сізге ұқсауға тырысады», «Иә, Айсәуле – жарқын, сүйкімді қыз» деп жазды желі қолданушылары.
