Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Тұрсынбек Қабатов екінші рет үйленуіне қатысты сынға әзілмен жауап берді

    Тұрсынбек Қабатов екінші рет үйленуіне қатысты сынға әзілмен жауап берді. Әзілкеш сахнада қоғамдағы екіұдай көзқарасты күлкіге айналдырды.

    Тұрсынбек Қабатов екінші рет үйленуіне қатысты сынға әзілмен жауап берді

    Сурет: sn.kz

    Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші рет шаңырақ көтеруіне байланысты айтылған сын-пікірлерге әзілмен жауап қайтарды. Өнер иесі бұл тақырыпты сахнада қалжыңға айналдырып, қоғамдағы екіұдай көзқарасқа назар аудартты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әзілкештің сөзінше, ажырасқаннан кейін қайта тұрмыс құрған әйелдерге жұртшылық түсіністікпен қараса, екінші рет отбасын құрған ер азаматтар сынға жиі ұшырайды.

    «Баянды қалай қолдадыңыздар! Мысалы, мен қазір әйелімді сахнаға шығарып, той көйлегін кигізейінші. Елдің бәрі мені Қазақстаннан қуып жіберуді ұсынады», – деді ол.

    Осылайша Тұрсынбек Қабатов жеке өміріне қатысты қоғамның көзқарасын әзілмен жеткізіп, көрермендерді күлдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →