Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бізге ешкім ештеңе сыйлаған жоқ»: Месси Аргентинаның ӘЧ финалына шығуы туралы айтты 69 бала суға батып кетті: ІІМ ата-аналарға шұғыл үндеу жасады Астанадағы базарда жарылыс: үш адам жараланды Атыраудағы балабақшада күріштің келісін 21 мың теңгеден сатқан Блогер-шмогерлер: Меруерт Түсіпбаева Құрылтайға кандидат әншілер туралы бәрін жайып салды Трамп Ирандағы әскери операцияларды кеңейту мүмкіндігін қарастыруда «Бізге ешкім ештеңе сыйлаған жоқ»: Месси Аргентинаның ӘЧ финалына шығуы туралы айтты 69 бала суға батып кетті: ІІМ ата-аналарға шұғыл үндеу жасады Астанадағы базарда жарылыс: үш адам жараланды Атыраудағы балабақшада күріштің келісін 21 мың теңгеден сатқан Блогер-шмогерлер: Меруерт Түсіпбаева Құрылтайға кандидат әншілер туралы бәрін жайып салды Трамп Ирандағы әскери операцияларды кеңейту мүмкіндігін қарастыруда

    Алматы облысында 696 түлек мектепті «Алтын белгімен» бітірді

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев облыстың үздік түлектерін құттықтап, «Алтын белгі» төс белгісін табыстады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Биыл мектепті 12 мыңнан астам түлек бітіріп, оның 696-сы «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталды. Жарқын нәтижелер – оқушылардың көп жылғы қажырлы еңбегінің жемісі.

    Өңір басшысы «алтын белгі» түлектің үлкен жетістіктерге жету жолындағы алғашқы қадамы ғана екенін атап өтті.

    – Еліміздің басты құндылығы – дарынды жастар. Сіздер Қазақстанның жарқын болашағысыздар. Мемлекетіміздің гүлденуі сіздердің еңбекқорлығыңызға, тілектеріңізге, мүмкіндіктеріңіз бен таланттарыңызға байланысты. Сіздерден Отан игілігі үшін жаңа жетістіктер күтеміз, – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Еске салайық, «Алтын белгі» иегерлері жоғары оқу орындарына түсу кезінде басымдыққа ие. Мысалы, егер конкурс кезінде үміткерлер грантқа бірдей ұпай жинаса, онда басымдық ерекшелік иесіне беріледі.

    – Оқу барысында көмек көрсетіп, бағыт-бағдар берген ұстаздарыма, ата-анама алғыс айтамын. Жақында біз студент боламыз, содан кейін — әрқайсысы өз мамандығының мамандары боламыз, онда біз міндетті түрде білімімізді қолданамыз. Мен Қазан мемлекеттік энергетика университетіне «Атом электр станцияларын жобалау» мамандығы бойынша оқуға түстім. Ал бүгінде облыс әкімінен университетті бітіргеннен кейін осы уақытқа дейін салынуы тиіс атом электр станциясына маман болып келіп, жұмысқа тұруға шақырту алып үлгердім. Бұл менің туған өлкемнің дамуына қосқан жеке үлесім болмақ, – деп бөлісті Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы С.Бердіқұлов атындағы мектептің түлегі Владислав Земляных.

    Кездесу шағын концертке ұласып, зерек ұл-қыздардың ата-аналарын құттықтаумен жалғасты.

    – Бұл ерекше төсбелгіні әркім ала алмайды. Үйде қызымыздан тек тамаша білім ғана талап етпеген едік, оның еңбекқорлығы мен үздік болуға деген зор ұмтылысының арқасында ол өз мақсатына жетті. Қызымызбен мақтанамыз, ол біздің нағыз алтынымыз, – дейді Райымбек ауданы, Б. Соқпақбаев атындағы мектеп-гимназиясының түлегі Ақпейіл Нұрболатқызының анасы Роза Елубайқызы.

    Мұндай нәтижеге мемлекеттің білім беру саласына жүйелі қолдау көрсетуінің арқасында мүмкін болғанын айта кеткен жөн. Білім сапасын арттыру үшін облыс әкімдігі «50 мектеп» жобасын қаржыландырып, облыстың 50 мектебіне «Білім-Инновация» лицейлерінің білім беру тәжірибесін енгізуді бастады. Оның аясында 50 дарынды мектеп оқушылары 35 күн бойы Астанада өтетін жаратылыстану пәндері олимпиадасына дайындық бойынша тегін курстардан өтеді.

    Өткен жылы облыс әкімдігі аз қамтылған отбасы балаларына 100 грант бөлді. Биыл тағы 100 грант педагогикалық, медициналық, ауылшаруашылық мамандықтарына бөлінеді.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →