Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бүгін футболан Ұлттық құрама Молдовамен кездеседі • Айбек Оралбай бокстан екінші алтынды қоржынға салды • Тоқаев технологиялық алпауыттардың AI жөніндегі келісімін жаһандық үлгі ретінде бағалады • «Әйелі екеуінің арасына түскені үшін»: Алматыда ұлынан зәбір көрген ананың видеосы тарады • Азия ойындар: Анна Данилина мен Юлия Путинцева қола алды • Тоқаев Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады • Бүгін футболан Ұлттық құрама Молдовамен кездеседі • Айбек Оралбай бокстан екінші алтынды қоржынға салды • Тоқаев технологиялық алпауыттардың AI жөніндегі келісімін жаһандық үлгі ретінде бағалады • «Әйелі екеуінің арасына түскені үшін»: Алматыда ұлынан зәбір көрген ананың видеосы тарады • Азия ойындар: Анна Данилина мен Юлия Путинцева қола алды • Тоқаев Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады •

    «Әйелі екеуінің арасына түскені үшін»: Алматыда ұлынан зәбір көрген ананың видеосы тарады

    «Әйелі екеуінің арасына түскені үшін»: Алматыда ұлынан зәбір көрген ананың видеосы тарады

    Фото: видеодан скрин

    Алматыда көшеге жалаң аяқ шығып, көмек сұраған әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ол ұлынан зәбір көргенін айтқан, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Видеоны Instagram қолданушысы Елдар Семейғазынов жариялады.

    «Сіздерге мән-жайды түсіндіріп берейін. Қолы байлаулы апай келеді, жалаң аяқ. Оның айтуынша, ұлы «отбасымның арасына түсе бересің» деп ұрып-соғып, үйде қолын байлап ұстаған. Анасы қашып кетеді, жолда ешкім тоқтамайды. Біз қолындағы байлауын шешіп, 102-ге звондадық. Суын беріп, беті-қолын жудық. Жалаң аяқ болған соң аяқ киім беріп, полицияның қолына табыстадық», – деді оқиға куәгері.

    Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.

    «Осы факті бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі тергеу жұмысын бастады. Әйелдің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөлімінде түсініктеме беріп жатыр. Сонымен қатар, аталған жағдайға қатысты бұған дейін полицияға ешқандай өтініш немесе хабарлама түспеген. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

    Тексеру нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →