Айбек Оралбай бокстан екінші алтынды қоржынға салды
Фото: ҚБФ
Ал Айбек Оралбай бұған дейін 90 келіден жоғары салмақтың жартылай финалында Үндістан өкілі Нарендерді жеңген болатын, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Қазақстандық боксшы (+90 кг) финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировті жеңді. Қорытынды есеп – 5:0.
Бұған дейін қазақстандық боксшы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындары өзі үшін әлі бітпегенін, ақтық айқастан барын салатынын айтқан еді.
Осылайша, Ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай XX жазғы Азия ойындарында алтын иеленіп отыр.
