Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова 89 жасында өмірден өтті • Алматыда тауда адасқан екі жасөспірімді құтқарушылар тауып алды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Үндістандағы Тамилнад штатында нөсер жаңбыр мен найзағайдан 14 адам қаза тапты • «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистке» 1:4 есебімен жол берді • Бразилияда Ньюкасл ауруының екінші ошағы анықталды: Қытай мен Сауд Арабиясы шектеу қойды • Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова 89 жасында өмірден өтті • Алматыда тауда адасқан екі жасөспірімді құтқарушылар тауып алды •

    Сот Астанада көліктік бақылау инспекциясының басшысын 10 жылға соттауға үкім шығарды

    Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көліктік бақылау саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

    Антикор мәліметінше, сот үкімімен Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. Қ. Құдайбергенов және оның сыбайласы Б. Шумбасова 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басқарған, диагностикалық карталарды қолдан жасап, техникалық тексеруден өту туралы ақпараттық жүйеге жалған ақпарат енгізді деп айыпталды.

    Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа он үш қатысушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, тағы 4 адамның 2 жылға бостандығы шектелді.

    Сондай-ақ, сот үкімімен басқа лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Олар 350 мыңға жуық автокөлік құралын заңсыз тіркеген.

    Айта кетейік, бұдан бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды шенділері сотталған.
    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →