Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    37 сүңгуір, 20 тікұшақ пен 14 кеме: жүздеген құтқарушы Каспийде қос сарбаздың денесін таппады • Президент әскери қызметшілердің қазасына көңіл айтқан Путинге алғыс білдірді • Ақтауда жарақат алған әскери қызметшінің жағдайы ауыр • Өскеменде бірден 6 көлік соқтығысқан жол апаты болды (ВИДЕО) • Димаш Құдайберген Ақтаудағы сарбаздардың қазасына көңіл айтты • Қазақстан қылышпаздары Азия ойындарында Катарды 45:42 есебімен жеңді • 37 сүңгуір, 20 тікұшақ пен 14 кеме: жүздеген құтқарушы Каспийде қос сарбаздың денесін таппады • Президент әскери қызметшілердің қазасына көңіл айтқан Путинге алғыс білдірді • Ақтауда жарақат алған әскери қызметшінің жағдайы ауыр • Өскеменде бірден 6 көлік соқтығысқан жол апаты болды (ВИДЕО) • Димаш Құдайберген Ақтаудағы сарбаздардың қазасына көңіл айтты • Қазақстан қылышпаздары Азия ойындарында Катарды 45:42 есебімен жеңді •

    Димаш Құдайберген Ақтаудағы сарбаздардың қазасына көңіл айтты

    Димаш Құдайберген Ақтауда қаза тапқан 18-19 жастағы әскери қызметшілерге көңіл айтып, әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады.

    Димаш Құдайберген Ақтаудағы сарбаздардың қазасына көңіл айтты

    Сурет: Әлеуметтік желіден

    Әлемге аты мәшһүр қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ақтауда қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты көңіл айту жазбасын жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында 18-19 жастағы сарбаздардың қазасына қатысты ауыр қайғысын жеткізді.

    «Біздің Ақтауда көз жұмған 18-19 жасар інілерімді қимай жүрегім ауырып, айтуға сөз таба алмай отырмын. Балалық кезеңнен енді ғана шығып келе жатқан кезде жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені… Қаза болған бауырларымыздың ата-анасына, туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Алла жүректеріңізге сабыр, өздеріңізге күш берсін. Інілерімнің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жандары жәннатта болсын. Е Алла, құдіреті күшті Алла, інілерімді алдынан жарылқағайсың. Ешбір ата-ана баласының артында қалмасын… Елімізде мұндай қасірет енді қайталанбасын. Қош болыңдар, бауырларым», – деп жазды Димаш Құдайберген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →