Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жол емес, сынақ алаңы»: СҚО-да ауыл арасындағы жолдың сиқы жұртты ашындырды Жезқазған тұрғыны Ұлттық Банк атын жамылған алаяқтарға 9 млн теңге аударған Астана әуежайында екі жүзден астам iPhone 18 смартфонын заңсыз әкелмек болғандар ұсталды Семейдегі сергелдең: студент қызды бұрынғы жігіті туған інісінің көзінше пышақтап өлтірген Күншығыс еліндегі ерекше жеңіс: Алексей Луценко 6 дүркін Азиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынды «Жол емес, сынақ алаңы»: СҚО-да ауыл арасындағы жолдың сиқы жұртты ашындырды Жезқазған тұрғыны Ұлттық Банк атын жамылған алаяқтарға 9 млн теңге аударған Астана әуежайында екі жүзден астам iPhone 18 смартфонын заңсыз әкелмек болғандар ұсталды Семейдегі сергелдең: студент қызды бұрынғы жігіті туған інісінің көзінше пышақтап өлтірген Күншығыс еліндегі ерекше жеңіс: Алексей Луценко 6 дүркін Азиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынды

    Жезқазған тұрғыны Ұлттық Банк атын жамылған алаяқтарға 9 млн теңге аударған

    Жезқазған тұрғыны Ұлттық Банк атын жамылған алаяқтарға 9 млн теңге аударған

    Фото: ашық дереккөз

    Бас прокуратура Ұлттық банктің қызметкері ретінде танысып, азаматтардың жинақтарын қорғау сылтауымен ақшасын иемденетін алаяқтар туралы ескертті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Ведомствоның мәліметінше, соңғы бір жарым айда ел бойынша осындай 39 дерек тіркелген. Мәселен, 17 қыркүйекте Ұлытау облысының Полиция департаменті Жезқазған қаласының тұрғынынан ақша жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

    Алаяқтар өздерін Ұлттық банктің қызметкерлері ретінде таныстырып, ер адамға қаскөйлер оның жеке деректерін иемденіп, шоттарындағы ақшаны ұрлауға әрекет жасап жатқанын айтқан. Олардың сөзіне сенген ер адам нұсқаулары бойынша депозиттеріндегі барлық қаражатты шешіп алып, ақшаны «қауіпсіздендіру» үшін үшінші тұлғалардың шоттарына аударған.

    Келтірілген шығын көлемі 9 млн теңгені құрады. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Бас прокуратура азаматтарды қырағы болуға шақырады.

    Ұлттық банк пен басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері телефон арқылы азаматтардан алаяқтардан қорғау деген сылтаумен несие рәсімдеуді, мүлікті сатуды немесе ақшаны үшінші тұлғаларға аударуды талап етпейді. Бөгде адамдарға SMS-кодтарды, парольдерді, банк карталарының деректерін және ақша қаражатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін өзге де мәліметтерді хабарламаңыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →