Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, жаңбыр және жел күтіледі Рудныйда құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде ұсталды Димаш Құдайберген «Оқырман ұлт» марафонына қатысады TikTok-тағы балағат сөздер үшін Шымкент пен Қызылорда тұрғындары жазаланды 2026 жылы әлемде таралған жұқпалы аурулар: саяхатшыға арналған қауіпсіздік жаднамасы Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, жаңбыр және жел күтіледі Рудныйда құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде ұсталды Димаш Құдайберген «Оқырман ұлт» марафонына қатысады TikTok-тағы балағат сөздер үшін Шымкент пен Қызылорда тұрғындары жазаланды 2026 жылы әлемде таралған жұқпалы аурулар: саяхатшыға арналған қауіпсіздік жаднамасы Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті

    Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, жаңбыр және жел күтіледі

    Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, жаңбыр және жел күтіледі. Бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Ауа райы болжамы.

    Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, жаңбыр және жел күтіледі

    Сурет: istockphoto

    Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, жаңбыр және жел күтіледі. Сонымен қатар бірнеше облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, жалпы облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент және Түркістан қалаларында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

    Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

    Атырау облысының батысында, солтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қостанай облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Астана қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Абай облысының батысында, оңтүстік-батысында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Ақмола облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Көкшетау қаласында төтенше өрт қаупі күтіледі.

    Алматы облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) түнде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с-қа жетеді.

    Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →