Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 16 қыркүйек 2026 $ 450,0 519,2 5,33
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Кейін бәрі кеш болады»: Айгүл Иманбаева көз жасына ерік берді

    «Кейін бәрі кеш болады»: Айгүл Иманбаева көз жасына ерік берді

    Фото: видеодан скрин

    Танымал әнші Айгүл Иманбаева желідегі парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесі анасы жайлы айтып, жылап қалды.

    «Аналарыңыздың көзі тірісінде қадірін біліңіздерші. Кейін өте кеш болады. Өмірден өткеннен кейін қадірлеудің қажеті жоқ. Хабарласыңыз, жылы сөйлеңіз, барынша жақсылық жасаңыз. Ешқашан ата-аналарыңызға ауыр сөйлемеңіздер. Мен көбінесе сыртта жүремін, анама көп көңіл бөле алмай жатамын. Сол жүрегіме қатты батады. Менің келінім болса да, анам таңертең ерте тұрып, маған өз қолымен таңғы ас жасап береді. Тойып тұрсам да жеуге тырысамын. Себебі қандай махаббатпен, шын ниетпен жасайды», — деді әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →