Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 15 қыркүйек 2026 $ 452,2 523,1 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевқа Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның инвестициялық жобалары таныстырылды Семейде 13 жастағы оқушы сыныптасын 15 жерінен пышақтаған ЖИ жасаған мәтін мен видеоны белгілемегендер жауапқа тартылуы мүмкін «Дауысы да өзгеріп кеткен»: Уәлибек Әбдірайымовтың қазіргі келбеті жұртты шошытты Қазақстанда Hyundai Tucson жаңа моделі шығарылады: Тоқаев компания басшысымен кездесті Президент сапары: Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады Тоқаевқа Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның инвестициялық жобалары таныстырылды Семейде 13 жастағы оқушы сыныптасын 15 жерінен пышақтаған ЖИ жасаған мәтін мен видеоны белгілемегендер жауапқа тартылуы мүмкін «Дауысы да өзгеріп кеткен»: Уәлибек Әбдірайымовтың қазіргі келбеті жұртты шошытты Қазақстанда Hyundai Tucson жаңа моделі шығарылады: Тоқаев компания басшысымен кездесті Президент сапары: Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президентін қабылдады

    Тоқаевқа Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның инвестициялық жобалары таныстырылды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мен Корея Республикасының бірлескен инвестициялық жобалары таныстырылды: Алматыда автобөлшектер өндірісі, Қостанайда KIA локализация орталығы және басқа да бастамалар.

    Тоқаевқа Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның инвестициялық жобалары таныстырылды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мен Корея Республикасының экономиканың түрлі саласында жүзеге асырылатын бірлескен инвестициялық жобалары туралы мәлімет берілді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ұсынылған бастамалардың бірі — Алматы қаласында жергілікті автобөлшектер өндірісін ашу. Жоба аясында отандық автозауыттардың сұранысына сай көліктің бәсеңдеткішін, орындық қаптамасын, еден жабыны мен сымдар будасын, сондай-ақ дөңгелек дискілерін шығару жоспарланып отыр.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысына Қостанай қаласында KIA компаниясының Локализация орталығы ашылатыны баяндалды. Онда есік панельдері, орталық консольдар, орындықтар, төбе және еден қаптамалары, бамперлер мен автомобильдің басқа да бөлшектері өндірілмек.

    Бұдан бөлек, Президентке медицинада қолданылатын ультрадыбысты диагностика жүйелерін шығару, Алматы қаласында корейлік басқару үлгісі мен заманауи медицина технологиялары қолданылатын көпбейінді аурухана салу, дрондар құрастыру секілді маңызды жобалар көрсетілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →