Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 14 қыркүйек 2026 $ 450,7 522,8 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зеленский Жоғарғы Рададан Бас прокурорды дереу қызметтен босатуды сұрады «Үйінен шығып, қайта оралмаған»: Ұлытауда 60 жастағы ер адам жоғалып кетті Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын марапаттады Айтысқа мас болып шыққан «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов жазаланды «The Finiko» ісі: халықаралық іздеудегі күдікті Түркиядан елге қайтарылды Дзюдодан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды Зеленский Жоғарғы Рададан Бас прокурорды дереу қызметтен босатуды сұрады «Үйінен шығып, қайта оралмаған»: Ұлытауда 60 жастағы ер адам жоғалып кетті Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын марапаттады Айтысқа мас болып шыққан «Алтын домбыра» иегері Мақсат Ақанов жазаланды «The Finiko» ісі: халықаралық іздеудегі күдікті Түркиядан елге қайтарылды Дзюдодан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

    «Үйінен шығып, қайта оралмаған»: Ұлытауда 60 жастағы ер адам жоғалып кетті

    «Үйінен шығып, қайта оралмаған»: Ұлытауда 60 жастағы ер адам жоғалып кетті

    Ұлытау облысының Ұлытау ауданында бір күн бұрын жоғалып кеткен 60 жастағы ер адамды іздеу жұмысына дрондар мен спутниктік байланыс қолданылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    ТЖМ мәліметінше, Шеңбер ауылдық округінде 1966 жылы туған ер адам 12 қыркүйек күні кешке Домбығұл қыстауындағы үйінен шығып, қайта оралмаған. Өзімен бірге ұялы телефоны да болмапты.

    Іздеу жұмысына ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ «Ауыл құтқарушылары» еріктілері жұмылдырылды.

    «Аумақты барлау барысында құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын және спутниктік байланысты пайдаланды. Іздеу жұмысының нәтижесінде ер адам Домбығұл қыстауынан солтүстікке қарай 8 шақырым жерден табылды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →