Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 $ 450,8 522,9 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұржан Қалжан 10 жылдық үзілістің себебін айтты Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде бірінші орында тұр Трамп Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті болды Ерлан Карин «Адал азамат» бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін хабарлады Нұржан Қалжан 10 жылдық үзілістің себебін айтты Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде бірінші орында тұр Трамп Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына құттықтау жолдады Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының вице-президенті болды Ерлан Карин «Адал азамат» бағдарламасына өзгерістер енгізілетінін хабарлады

    Нұржан Қалжан 10 жылдық үзілістің себебін айтты

    Нұржан Қалжан 10 жылдық үзілістің себептерін, жол апатынан кейінгі күйзелісін, досынан айырылуын және сахнаға қайта оралуын әңгімеледі.

    Нұржан Қалжан 10 жылдық үзілістің себебін айтты

    Фото: видеодан скриншот

    «Ақшам ғана керек болды ма?» — Нұржан Қалжан өзінен теріс айналғандар туралы осылай деп ой толғады. Танымал әнші өнердегі ұзақ жылдық үзілістің себептері мен басынан өткерген ауыр кезеңдерін әңгімеледі. Ол жол апатынан кейінгі психологиялық күйзелісін, жақын досынан айырылуын және сахнаға қайта оралуына не түрткі болғанын жеткізді. Сондай-ақ өнер иесі өткенге деген өкініші мен жас әншілерге айтар кеңесін де тілге тиек етті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұл туралы ол «1001 түн» бағдарламасында әңгімеледі.

    Әншінің айтуынша, ауыр жол апатынан кейін оның шығармашылықты жалғастыруға да, дауысы туралы ойлануға да мүмкіндігі болмаған. Ол денсаулық мәселесінен бөлек, бірге болған досы, журналист Руслан Бөлебайдан айырылып, өзін іштей қатты кінәлағанын еске алды.

    «Жоқ, ол ой мені мазалаған жоқ. Алдағы уақытта ән айтамын деген де ой болған жоқ. Енді лайықты жауап бере алмайтын шығармын, бірақ бұл жерде, әрине, бірінші кезекте денсаулық мәселесі тұрды. Екіншіден, қасымдағы достарымнан айырылып қалдым. Сіздердің әріптестеріңіз — Руслан Бөлебай да менімен бірге бір көлікте болған еді. Осы жағдайлар мені қатты қинады. Тіпті әлі күнге дейін солай… Сол кезде ән туралы ойланатын уақыт та болған жоқ. «Сол кісілер аман қалып, олардың орнына мен кеткенімде ғой» деп, кейде өзімді қатты кінәладым. Өйткені рөлде өзім отырған едім. Осындай ауыр ойларға салындым. Ал ол жерде ән айту немесе дауыс туралы мүлдем ойланған да жоқпын», — деді Нұржан Қалжан.

    Ұзақ жылдар бойы сахнадан тыс қалған орындаушының өнерге қайта оралуына қызының өтініші мен айналасындағы адамдардың қарым-қатынасы себеп болған. Ол басынан өткен жағдайдан кейін өмірдің ащы шындығын түсінгенін жеткізді.

    «Себеп болған нәрселер көп. Әрине, уақыт — емші, бәрі артта қалды. Одан кейін кішкентай қызым себеп болды. Үйде жатып: «Папа, әнді сағындық, дауысыңды сағындық. Жаңа ән жазбай кеттіңіз ғой», — деп айтатын. Содан соң қоршаған ортам да үлкен әсер етті. Өйткені өмірдің ащы шындығын ұқтым. Басыңа бақ қонған кезде бәрі қасыңда болады екен. Абыройлы, атақты, мінсіз әрі керек болып көрінесің. Ал басыңа іс түсіп құлаған кезде, ешкімге де керегің болмай қалады. Ешкім сені іздемейді. Сонда мен: «Кезінде араласып жүрген адамдарыма қазір керек болмай қалдым ба?» — деп ойландым. Осы ой маған үлкен түрткі болды. «Сонда бұларға тек абыройым, атағым, ақшам мен көлігім ғана керек болғаны ма? Қой, бұларға қайтадан бәрін көрсетейін, сонда қайта оралар ма екен?» деген ой келді. Көрінбей кетсең, ұмытылады екенсің. Мен бұған дейін ақшасыз-ақ достарым қасымнан табылады, мені сатпайды деп ойлап жүріппін. Өмір олай емес екен. Содан кейін: «Олай болса, қайтадан ән жазып, сахнаға шығайын, бәрін жаңа парақтан бастайын», — деп шештім», — деді Нұржан Қалжан.

    Сондай-ақ өнер иесі өткен өміріндегі кейбір шешімдеріне өкініш білдіріп, қазіргі жас әншілерге сабырлылық пен сауатты әрекет етудің маңыздылығын ескертті.

    «Егер бәрі басқаша болғанда» деген ой санада өте көп. Тіпті қазір біраз жасқа келдік. Осы 40 жасымның 35 жылын басқаша өмір сүріп, шешімдерді де басқаша қабылдар едім деген өкініштер бар. Мен қазіргі жас әншілерге де, іні-бауырларыма да, кезіккен адамдардың бәріне де айтып жүремін: «Өмір зымырап өте шығады». Ақыл айтатын ақсақал болмасам да, басымнан өткен жағдайлар аз болған жоқ. Сол себепті де айтамын. Жаңадан шығып келе жатқан әншілерге: «Ертең біреуге бірдеңе дәлелдеймін деп ақшаңды шашпа, жүгіре берме. «Біреуге керекпін деп өкпеңді қолыңа алып жүгіре берме» деген сөз бар ғой. Сол сияқты жүгіре бермей, орнымен әрекет етіп, ақылмен іс қыл», — деймін», — деді әнші.

    Нұржан Қалжан 10 жылдық үзіліс болмағанда оның шығармашылық мансабы халықаралық деңгейге жетуі мүмкін екенін, алайда кезінде түскен шетелдік ұсыныстардан бас тартқанын сөз етті.

    «Иә, бұл — үлкен сұрақ. 10 жылдық үзіліс болмағанда… Кезінде мені келісімшартпен Америкаға да, Лондонға да жұмысқа шақырған еді. Мен соның бәріне бармай қалдым. Осының бәрі басталғанда, мүмкін, әлемдік деңгейде өнер көрсететін мүмкіндік болар еді. Бәрін жіберіп алдық. Бұрынғы жіберген қателіктерімнің бәрі де осыған келіп саяды», — деді әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →