Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Биыл төселген асфальтты қайта жамап жатыр: Атырау–Орал тасжолының сапасына күмән туды Құрылтай регламенті қабылданды: заң жобалары үш оқылымда қаралады Рыбакина US Open-тегі тарихи жеңісі туралы пікір білдірді Apple алғашқы бүктемелі iPhone Duo смартфонын таныстырды «Адамның аузы бармайтын әрекеттер жасайды»: депутат «треш-стримингтерді» заңмен тыюды сұрады Әдеп бұзған депутат жалақысынан да, мандатынан да айырылуы мүмкін Биыл төселген асфальтты қайта жамап жатыр: Атырау–Орал тасжолының сапасына күмән туды Құрылтай регламенті қабылданды: заң жобалары үш оқылымда қаралады Рыбакина US Open-тегі тарихи жеңісі туралы пікір білдірді Apple алғашқы бүктемелі iPhone Duo смартфонын таныстырды «Адамның аузы бармайтын әрекеттер жасайды»: депутат «треш-стримингтерді» заңмен тыюды сұрады Әдеп бұзған депутат жалақысынан да, мандатынан да айырылуы мүмкін

    Депутаттар жұмыстан тыс жерде де әр сөзіне жауап береді

    Депутаттар жұмыстан тыс жерде де әр сөзіне жауап береді

    Фото: видеодан скрин

    Құрылтай депутаты Дания Еспаева депутаттарға қойылатын әдеп талаптарын түсіндірді,  деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, депутат әріптесін немесе басқа адамды қорлап, ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін сөз айтса, бұл депутаттық әдепті бұзу болып саналады. Мұндай талап тек Құрылтай отырыстары мен жұмыс топтарында ғана қолданылмайды. Депутат Құрылтайдан тыс жерде жүргенде де әдеп нормаларын сақтауға міндетті. Дания Еспаева депутаттарға моральдық және іскерлік әдеп тұрғысынан жоғары талап қойылатынын атап өтті. Сондай-ақ депутаттар журналистердің сұрағына жауап бергенде тек тексерілген әрі шынайы мәлімет айтуы керек. Егер депутат расталмаған ақпаратты немесе тексерілмеген деректі факт ретінде айтса, бұл да депутаттық әдепті бұзу болып есептеледі. Осы талаптардың сақталуын бақылау үшін Құрылтайда депутаттық әдеп жөніндегі арнайы кеңес құрылмақ. Еспаеваның айтуынша, әзірге Құрылтай регламенті ғана қабылданған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →