Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Биыл төселген асфальтты қайта жамап жатыр: Атырау–Орал тасжолының сапасына күмән туды Құрылтай регламенті қабылданды: заң жобалары үш оқылымда қаралады Рыбакина US Open-тегі тарихи жеңісі туралы пікір білдірді Apple алғашқы бүктемелі iPhone Duo смартфонын таныстырды «Адамның аузы бармайтын әрекеттер жасайды»: депутат «треш-стримингтерді» заңмен тыюды сұрады Әдеп бұзған депутат жалақысынан да, мандатынан да айырылуы мүмкін Биыл төселген асфальтты қайта жамап жатыр: Атырау–Орал тасжолының сапасына күмән туды Құрылтай регламенті қабылданды: заң жобалары үш оқылымда қаралады Рыбакина US Open-тегі тарихи жеңісі туралы пікір білдірді Apple алғашқы бүктемелі iPhone Duo смартфонын таныстырды «Адамның аузы бармайтын әрекеттер жасайды»: депутат «треш-стримингтерді» заңмен тыюды сұрады Әдеп бұзған депутат жалақысынан да, мандатынан да айырылуы мүмкін

    «Өзенге апарып, ұрып өлтірді»: Таразда жас дәрігерді үш жігіт жабылып өлтірген

    «Өзенге апарып, ұрып өлтірді»: Таразда жас дәрігерді үш жігіт жабылып өлтірген

    Фото: threads/gul.s0212

    Таразда қаза тапқан жас дәрігер Думанның туыстары әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, заң орындарынан күідіктілерді әділ жазалауды талап етті. Жақындарының айтуынша, марқұмды 3 жігіт ұрлап алып кетіп, өзен бойында ұрып-соғып, өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Олардың сөзінше, ауруханада жұмыс істейтін Думанға пациентінің бұрынғы күйеуі қайта-қайта телефон шалып, намысына тиетін сөздер айтып, кездесуге шақырған. Жігіт мәселені сөйлесіп шешу үшін кездесуге бара жатқан жолда оның көлігін үш ер адам тоқтатып, темірмен басынан ұрып құлатқан.

    «Кейін үшеуі Думанды көліктің жүксалғышына салып алып кеткен. Мұны сол жолмен өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі көрген. Думанды Аса өзенінің жағасына апарып, аяусыз соққыға жыққан. Кейін ауруханаға «көшеден тауып алдық» деп жеткізген», – деп жазды марқұмның туысы.

    Жазба авторы полиция бастапқыда үш жігітті ұстап, екеуін босатып жібергенін айтты.

    «Тек біреуін ғана қамауға алды. Тергеуші куәгер жүргізушіге «бір адам болды деп айта салшы» деп айтқан», — деп жазды ол.

    Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қамауға алынған, ал өзге тұлғалардың оқиғаға қатысы анықталып жатыр.

    Мақұмның туысының сөзінше, ұсталған күдікті осыдан екі ай бұрын экс-әйелін ұрып-соққаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

    Дәрігердің артында екі кішкентай қызы қалды. Туыстары Думан мен пациент арасында ешқандай жеке қарым-қатынас болмағанын, олардың хат алмасуы тек емдеу мәселелеріне қатысты екенін айтты. Олар қылмыстық істің жабылып қалмауын және оған қатысы бар барлық адамның жауапқа тартылуын талап етті.

    Полицияның мәлімдеуінше, Қылмыстық кодекстің «адам ұрлау» және «жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

    «Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толыққанды, объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу барысы Жамбыл облысы ПД басшылығының қатаң бақылауында», — деді полициядан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →