Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты •

    Рамазан Амантай сынға жауап беріп, еңбегімен бағалауды сұрады

    Рамазан Амантай сыртқы келбетіне қатысты сынға жауап беріп, шығармашылық еңбегімен бағалауды сұрады. Өнер иесі 12 фильм, 600 ән жазғанын айтты.

    Рамазан Амантай сынға жауап беріп, еңбегімен бағалауды сұрады

    Сурет: видеодан скриншот

    Өнердегі ғұмырын 12 фильм мен 600 әнмен өрнектеген Рамазан Амантай өзін сыртқы келбетіне қарап бағаламауды өтінді. Актер, композитор әрі режиссер дене бітімі мен салмағына қатысты айтылған сындарға жауап беріп, шығармашылық еңбегіне назар аударуды сұрады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында өмірін өнерге арнағанын, осы уақытқа дейін 12 фильм түсіріп, 600 ән жазғанын айтты. Оның сөзінше, кейбір туындылары күткен нәтижеге жете алмай, касса жинамаса да сүйікті ісінен бас тартпаған.

    «Не істейін? Өнерді тастайын ба? Мен өнерді сүйемін. Түсірген кином өтпей қалды екен деп, касса жинамады деп ешқашан өзім жақсы көретін істен бас тартпадым», – деп жазды ол.

    Рамазан Амантай салмағы мен денсаулығының өзін де алаңдататынын жасырмады. Сонымен қатар көрерменнің әрбір пікірі мен сыны өзі үшін маңызды екенін атап өтті. Ол қазақ тілінде шығармашылықпен айналысуды мақтаныш санайтынын да жеткізді. Оның пікірінше, қазақтың өзіне тән әзілі, сөзі, әні мен өнері болуы керек.

    «Жақсы шықса да, қате кетсе де, осы тіліміздің дамуына өз еңбегімді қосып жүргенімді сезінемін», – деді ол.

    Актер фильмдері мен әндерін қазақ тілінде ұсынуы саналы таңдауы екенін, негізгі көрермені мен тыңдарманы қазақтілді аудитория екенін атап өтті.

    «Не айтсаңыздар да, мен сіздерді жақсы көремін. Себебі менің көрерменім де, тыңдарманым да – өздеріңіз. Менің басқа аудиториям жоқ», – деп жазды Рамазан Амантай.

    Өнер иесі шығармашылықта қателік болуы мүмкін екенін мойындап, көпшіліктен өзін сыртқы келбетіне қарап бағаламауды өтінді.

    «Салмағым үшін мені өнерден қумаңыздар. Менің денем емес, еңбегім мен өнерім бағаланса екен», – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →