Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті •

    «Екінші айға кетті»: Қарағандыда қазылған тротуар тұрғындардың ашуын туғызды

    «Екінші айға кетті»: Қарағандыда қазылған тротуар тұрғындардың ашуын туғызды

    Фото: видеодан скрин

    Қарағандыдағы Новонижняя көшесінің тұрғындары екі айдан бері аяқталмай тұрған қазба жұмыстарына шағымданды. Желіде тараған видеодан тротуардың бір бөлігі бұзылып, жаяу жүргіншілер жолының маңы қазылып қалғанын көруге болады.

    Видео авторының сөзінше, көшедегі бұл жағдай осымен екінші айға созылған. Соның салдарынан тұрғындар, әсіресе балалар мен арбамен жүретін адамдар үшін тротуармен жүру қиындаған. Айта кетейік, өңірдегі көріктендіру талаптарына сәйкес, инженерлік жұмыстар кезінде бүлінген тротуар мен басқа да жабындарды қалпына келтіру міндеті жұмысқа тапсырыс берушіге жүктеледі. Әзірге Новонижняя көшесіндегі жұмыстың не себепті созылғаны және қашан толық аяқталатыны туралы ресми түсініктеме жарияланған жоқ.

    Видео: @sergey.tereshchenko

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →