Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өндірістің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі: «Қазақмыс» жабдықтарды жоспарлы жөндеуден өткізуде Биыл төселген асфальтты қайта жамап жатыр: Атырау–Орал тасжолының сапасына күмән туды Құрылтай регламенті қабылданды: заң жобалары үш оқылымда қаралады Рыбакина US Open-тегі тарихи жеңісі туралы пікір білдірді Apple алғашқы бүктемелі iPhone Duo смартфонын таныстырды «Адамның аузы бармайтын әрекеттер жасайды»: депутат «треш-стримингтерді» заңмен тыюды сұрады Өндірістің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі: «Қазақмыс» жабдықтарды жоспарлы жөндеуден өткізуде Биыл төселген асфальтты қайта жамап жатыр: Атырау–Орал тасжолының сапасына күмән туды Құрылтай регламенті қабылданды: заң жобалары үш оқылымда қаралады Рыбакина US Open-тегі тарихи жеңісі туралы пікір білдірді Apple алғашқы бүктемелі iPhone Duo смартфонын таныстырды «Адамның аузы бармайтын әрекеттер жасайды»: депутат «треш-стримингтерді» заңмен тыюды сұрады

    «Қыркүйек» пе, «қыргүйек» пе: министр жауап берді

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «қыркүйек» және «қыргүйек» сөздерінің жазылуына қатысты пікір білдірді. Ол екі нұсқаны да қате деп санауға болмайтынын айтты.

    «Қыркүйек» пе, «қыргүйек» пе: министр жауап берді

    Сурет: ЖИ

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова соңғы күндері әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан «қыркүйек» және «қыргүйек» сөздерінің жазылуына қатысты пікір білдірді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Үкімет үйінде өткен брифингтен кейін журналистер министрден осы екі нұсқаның қайсысы дұрыс екенін сұрады. Сүлейменова бұл өзгерістің Оқу-ағарту министрлігіне қатысы жоқ екенін, тіл біліміндегі үдерістерге байланысты екенін атап өтті.

    «Бұл сұрақ мені де қызықтырды. Ғалымдарымыздың, Рәбиға Сыздықтың зерттеулеріне жүгінуге тура келді. Мен өзім «қыркүйек» деп жазамын, бізді солай оқытқан», — деді министр.

    Ол екі нұсқаны да қате деп санауға болмайтынын жеткізді. «Бұл — бізді оқытқан кездегі грамматикалық ережелерге сүйеніп жазылған. 2000-жылдары «қыркүйек» түрін қолданатындардың үлесі 93 пайызға жеткені туралы зерттеулер бар. Меніңше, «қыркүйек» те, «қыргүйек» те қате емес. Біздің қолданып жүрген нұсқа — ұстаздарымыздың үйреткені, олар өз кезегінде емле мен морфологиялық заңдылықтарды түсіндірген», — деді Сүлейменова.

    Ведомство басшысы айтылым мен жазылымдағы нормативтердің сақталуы маңызды екенін айтты. «Егер ғалымдар мен тіл білімі институты «қыркүйек» емес, «қыргүйек» дұрыс деп шешсе, біз олардың пікірін тыңдауымыз қажет. Ғалымдар соңғы сөзді айтуы керек», — деді министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →