Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 9 қыркүйек 2026 $ 454,0 527,8 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодардағы автосервисте дөңгелек жарылып, жұмысшы қаза тапты Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады Атырауда түрмеге дрон арқылы телефон жеткізбек болған «Жұрт несиеден несиеге күн көріп жүр»: Дана Нұржігіт халықтың қиналып жүргенін ашық айтты (ВИДЕО) Астанадағы №95 мектепте бірінші сыныпта 47 оқушы – білім басқармасы түсініктеме берді Жазира Байырбекова қыз баланың қадірі туралы пікірін білдірді Павлодардағы автосервисте дөңгелек жарылып, жұмысшы қаза тапты Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады Атырауда түрмеге дрон арқылы телефон жеткізбек болған «Жұрт несиеден несиеге күн көріп жүр»: Дана Нұржігіт халықтың қиналып жүргенін ашық айтты (ВИДЕО) Астанадағы №95 мектепте бірінші сыныпта 47 оқушы – білім басқармасы түсініктеме берді Жазира Байырбекова қыз баланың қадірі туралы пікірін білдірді

    Атырауда түрмеге дрон арқылы телефон жеткізбек болған

    Атырауда түрмеге дрон арқылы телефон жеткізбек болған

    Фото: ІІМ

    Атыраудағы ерлер колониясына дрон арқылы ұялы телефон кіргізбек болған. Мекеме қызметкерлері үш телефон салынған түйіншекті тәркіледі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Оқиға 8 қыркүйекке қараған түні шамамен сағат 01:15–те болған. № 15 мекеме қызметкерлері колония аумағынан шамамен 1,5 шақырым қашықтықта дрон арқылы белгісіз түйіншектерді жеткізу әрекетін анықтаған. Тексеру барысында картонға оралып, сыртынан скотчпен бекітілген үш түйіншек табылды. Оларды ашу кезінде ішінен үш ұялы телефон шыққан.

    — Аталған дерек бойынша Атырау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр.Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады, — деп хабарлады Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

    Бұған дейін Павлодар түрмесінде шай арасына жасырылған ұялы телефон табылғанын жазған едік.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →