Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 9 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда Қала күніне орай 300-ге жуық іс-шара өтеді

    Алматыда Қала күніне орай 300-ге жуық іс-шара өтеді. 19-20 қыркүйекте Абай, Астана алаңдарында, Панфилов көшесінде концерттер, фестивальдар, спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

    Алматыда Қала күніне орай 300-ге жуық іс-шара өтеді

    Фото: Алматы әкімдігі баспасөз қызметі

    Жыл сайынғы дәстүр бойынша Алматыда қыркүйек айында Қала күні кеңінен атап өтіледі. Биылғы мереке қарсаңында қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға арналған мәдени, спорттық және ойын-сауық шараларының ауқымды бағдарламасын әзірледі.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мерекелік іс-шаралардың негізгі бөлігі 19-20 қыркүйекке жоспарланған. Дәстүрлі түрде басты алаңдар – Астана алаңы, Абай алаңы, Панфилов пен Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшелері, сондай-ақ «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы аймақ мерекелік іс-шаралардың орталығына айналады. Сонымен қатар, қаланың сегіз ауданында да жеке бағдарламалар ұсынылады.

    Жалпы, қыркүйек бойы Алматыда Қала күні аясында 300-ге жуық түрлі деңгейдегі іс-шара өткізу жоспарланған.

    Абай алаңы

    19-20 қыркүйекте Абай алаңында «Otbasy Fest» атты ірі мерекелік бағдарлама өтеді. Екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени, танымдық және ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады. Алаңда «Алма аймағы», «Шеберлер қалашығы», балалар аймағы, «AI & ROBOT ZONE», крафтойындар аймағы және фуд-корт сияқты бірнеше тақырыптық аймақ жұмыс істейді.

    19 қыркүйек:

    • 11:00-12:00 – «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстау рәсімі.
    • 12:00-13:30 – «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «Алматым жүрегімде» концерті.
    • 13:30-15:00 – Қазақ мемлекеттік циркінің бағдарламасы.
    • 15:00-16:00 – «ASU» фольклорлық этнографиялық ұжымының «Алматы әуені» концерті.
    • 16:00-17:50 – «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Ару қала – Алматы» концерті.
    • 18:00-18:30 – DJ бағдарламасы.
    • 18:30-19:00 – Ratovich концерті.
    • 19:15-21:30 – «Best of NE PROSTO ORCHESTRA» концерті.

    20 қыркүйек:

    • 12:00-13:00 – Медеу ауданы әкімдігінің «Алматы, менің Алматым» концерті.
    • 13:00-14:00 – «Алатау» театрының «Ән тербеген Алматы» концерті.
    • 14:00-15:00 – DJ бағдарламасы.
    • 15:00-17:00 – Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының «Жырлайды Алматы» концерті.
    • 17:00-18:00 – А. Әшімов театрының «Алматы – махаббатым» музыкалық спектаклі.
    • 18:00-19:00 – DJ бағдарламасы.
    • 19:00-19:40 – «D Billions» музыкалық бағдарламасы.
    • 19:50-22:00 – Алматы әуендері солистерінің «Ән қанатым – Алматы» концерті.

    Астана алаңы

    19 қыркүйек:

    • 11:00-17:00 – Мерекелік концерт. Жүргізушілер: Дидар Кәден, Шапағат Ерғазина. Сахнада: «Сенім» вокалды хоры, домбырашылар ансамблі, жетігеншілер ансамблі, «Bibi» вокалдық студиясы, трио «4VIBE», «Руханият серілері», «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, Дана Максимова, Райым Уайс, дуэт «Әдемі-ай», Сейфуллин Жолбарыс, этнофьюжн ансамбль «Рабат», Құдайберген Бекіш, Еркебұлан Құмаров, «Астра» тобы, Muzart Life.
    • 18:00-22:00 – «Almaty Vibes» музыкалық фестивалі. Жүргізушілер: Dake ZZ, Анара Батырхан. Сахнада: Мақпал Жүнісова, Nurbullin, BayanSulu, Мирас Жүгінісов, Akimmmich & BIMO, KALIFARNIYA, ALPHA, Ерке Есмахан, 6ellucci, Сара Амангелді, Айдана Меденова, AYREE, SANZHAR, ADEMI-AI, 404 тобы, KAINAR, Өктем Алтаев, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Жандос Қаржаубай.

    20 қыркүйек:

    • 18:00-22:30 – «Almaty Zhuldyzy» музыкалық фестивалі. Жүргізушілер: Ғалымжан Кеңшілік, Балауса Ерғалина. Сахнада: Азамат Төрехан, Amalyat, RAY, Жасұлан Көпберген, Дана Кентай, Baxa SM, Еркеш Хасен, Kesh You тобы, ILHAN, Айжан Нұрмағамбетова, Дос-Мұқасан ансамблі, Роза Рымбаева, Ялла тобы. Кеш хэдлайнері – DJ IMANBEK.

    Панфилов жаяу жүргіншілер көшесі

    19-20 қыркүйекте Панфилов алаңында балалар аймағы, балалар этноаймағы, экоаймақ, киноаймақ, Digital аймақ, спорт аймағы және Food Court секілді бірнеше тақырыптық аймақ ұйымдастырылады. Дәстүрлі «Alma Qala Fest» фестивалі де екі күн бойы өтеді. Фестиваль аясында әлемге әйгілі апорт алмасының 200 тоннадан астамы сатылымға шығарылады.

    19 қыркүйек:

    • 11:00-18:00 – Мерекелік концерт (Т. Жүргенов атындағы академия алаңы). Сахнада: Мади Рымбаев, Али Окапов, Нургалым Аманбай, Нурмухаммед Жакып, Акерке Амалят, Карим Мутурганов, Талгат Кузембаев, Жас-Мұқасан, ILIGAI, Трансформация, Орындықтардағы эквилибр, Отты шоу.

    20 қыркүйек:

    • 11:00-18:00 – Мерекелік концерт (Т. Жүргенов атындағы академия алаңы). Сахнада: Алмагүл Батталиева, Санат Асуат, Дана Максимова, DARO, Нұрайым Гимран, Аружан Бекболат, KHAZAR, Миржан Жидебай, Ахметова Римма, Карим Мутурганов, Иллюзия шоуы, Эквилибр, Жонглёр.

    Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшесі

    19 қыркүйек:

    • 12:00-18:00 – Мерекелік концерт. Жүргізуші: Нұржан Әбубәкір. Сахнада: Ethno-fusion «RABAT», импрессивті қуыршақ театры, LIVE BAND «ROCKN ROLLA», «Тотальный театр», KODI, Дана Максимова, Baxa SM.

    20 қыркүйек:

    • 12:00-18:00 – Мерекелік концерт. Жүргізуші: Райымбек Бекет. Сахнада: LIVE BAND «ROCKN ROLLA», импрессивті қуыршақ театры, ethno-fusion «RABAT», Алем Кусаинова, Райм Уайыс, Диана Майер, Азамат Төрехан, Serа, Алихан Байсұлтан, Назигүл Әлікулова, Нурдаулет Карлов, Нурбол Нуржан, Aru YESS, «ASTRA» тобы.

    Сонымен қатар, 19-20 қыркүйекте Жібек жолы алаңында дәстүрлі «Kitap Fest» кітап фестивалі өтеді. Оған 50-ден астам баспа үйі мен кітап дүкені қатысып, өз өнімдерін ұсынады.

    «Алатау» дәстүрлі өнер театры алаңы

    12 қыркүйек:

    • 18:00-19:30 – «Ән Алматы» мерекелік концерті. Сахнада: «Алатау» театрының артистері, «Бақай» тобы, Әлихан Байсұлтан, Нұрдәулет Карлов, Әзімбек Байлин және басқа да өнер жұлдыздары.

    19 қыркүйек:

    • 19:00 – «Ән мен күйдің бесігі» мерекелік концерті. Сахнада: Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Айгүл Үлкенбаева, Еркін Шүкіманов, Арман Жүдебаев, Ардақ Исатаева, Тілеулес Құрманғалиев, Ұлжан Байбосынова, Амангелді Күзеубай, Батыржан Мықтыбаев, Мұрат Әбуғазы, Аққалқа Ахметова, Санат Исаев, Қанат Әмірханов, Салтанат Құдайбергенова, Абай Қойшыбаев, Шолпан Даржанова, Талғат Әбуғазы, Қазбек Мақпал, Гүлім Арыспаева, Бәзілжанов Біржан, Ұзақбай Нұрболат, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі (дирижері Тілепберген Абылай) және т.б.

    20 қыркүйек:

    • 19:00-20:30 – «Алатау» театрының «Алматыға махаббатпен» мерекелік концерті.

    Аудандардағы іс-шаралар

    Алатау ауданы: 20 қыркүйекте сағат 17:00-19:00 аралығында Алатау дәстүрлі өнер театры алдындағы алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

    Алмалы ауданы: 19 қыркүйекте сағат 14:00-те Сайран көлінің шығыс жағалауында Қала күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылады. Бағдарламада концерттік-ойын-сауық шаралары, спорттық аймақ, қолөнершілер көрмесі, фуд-зона және балалар аймағы қарастырылған.

    Әуезов ауданы: 19-20 қыркүйекте Шаляпин көшесі, 22 мекенжайындағы Н. Сац атындағы театрдың алдындағы алаңда мерекелік іс-шаралар өтеді. 19 қыркүйекте сағат 12:00-20:00 аралығында балаларға арналған «Тәтті алма» шығармашылық байқауы, «I Love Almaty» концерті және «Jas Vibe» жастар концерті; 20 қыркүйекте сағат 12:00-17:00 аралығында «Сағындым Алматымды» ретро-концерті және «Жасай бер, әсем қала – Алматым!» концерті өтеді.

    Бостандық ауданы: 19 қыркүйекте сағат 11:00-20:00 аралығында Әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысындағы Flow Park аумағында мерекелік іс-шаралар өтеді. Бағдарламада ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, балалар суреттерінің көрмесі, «JasFest» жәрмеңкесі, «Самғау» орталығы тәрбиеленушілерінің өнер көрсетуі, концерт, DJ-сеттер және басқа да ойын-сауық шаралары бар.

    Жетісу ауданы: 19 қыркүйекте сағат 09:00-17:00 аралығында Омаров көшесі, 10а мекенжайындағы Алматы ипподромында ауқымды мереке өтеді. Бағдарламада ат жарысы, эстрада жұлдыздарының концерті, мерекелік сауда, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық ойындар мен спорттық сайыстар, этноөнер ұжымдарының өнер көрсетуі, «Қала күні» және «Ұлы дала ойындары» тақырыптық фотоаймақтар қарастырылған. Сондай-ақ «Ұлы дала ойындарының» ашылу рәсімі өтіп, көкпар, құнан бәйге, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, аламан бәйге және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. 20 қыркүйекте сағат 16:00-де Гүлдер паркінде мерекелік концерт, 17:00-де кинокеш өтеді.

    Медеу ауданы: 12 қыркүйекте сағат 09:00-де «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы; 15 қыркүйекте сағат 09:00-де ЦСКА-да 7-11 сынып оқушылары арасында футболдан Медеу ауданы әкімінің кубогы үшін жарыс; 17 қыркүйекте сағат 11:00-де №2 перзентханада Қала күні қарсаңында дүниеге келген сәбилердің аналарын құттықтау; 19 қыркүйекте сағат 09:00-де Пушкин аллеясында «Менің Алматым» қолданбалы өнер байқауының жеңімпаздарын марапаттау; 11:00-де Мақатаев пен Пушкин көшелерінің қиылысында «Гүлденген Алматы!» концерті; 18:00-ден кейін Терренкур аумағында ашық аспан астында 2-3 фильм көрсетіледі.

    Наурызбай ауданы: 18-20 қыркүйекте №221 ЖББМ алаңында «Alma-Fest Circus» көшпелі цирк бағдарламасы; 19 қыркүйекте сол алаңда «Алматы – менің жүрегімде» концерті; 19-20 қыркүйекте Шұғыла 347, Амфитеатр алаңында кинокеш және «Алматының алмасы-ай!» көрмесі өтеді.

    Түрксіб ауданы: 19 қыркүйекте сағат 11:00-16:00 аралығында С. Сейфуллин атындағы саябақта (Шолохов пен Щербаков көшелерінің қиылысы) мерекелік іс-шара; 20 қыркүйекте Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында интерактивті бағдарлама, алма ұсыну, караоке және ашық аспан астында кино көрсетілімі өтеді.

    Сонымен қатар, Қала күніне орай қала музейлерінде тақырыптық көрмелер, театрларда премьералар мен спектакльдер, цирктік бағдарламалар, мәдени және білім мекемелерінде байқаулар, экологиялық және қайырымдылық акциялар, спорттық шаралар өтеді. Іс-шаралардың толық бағдарламасы @almatymadeniet Instagram парақшасында жарияланады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →