Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 9 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • БҚО-да есірткі таратқан шетел азаматы 6 жылға сотталды

    Батыс Қазақстан облысында есірткі таратқан шетел азаматы 6 жылға сотталды. Полиция оны есірткі жасырып жүрген кезінде ұстаған.

    БҚО-да есірткі таратқан шетел азаматы 6 жылға сотталды

    Сурет: polisia.kz

    Батыс Қазақстан облысында 33 жастағы шетел азаматы есірткі таратқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    БҚО полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде күдіктіні ұстаған. Ол есірткі заттарын жасырып жүрген сәтінде қолға түскен.

    Жеке тінту кезінде одан ерекше иісі бар ұнтақ салынған 12 орама мен екі ұялы телефон тәркіленді. Кейінгі тексеруде осыған ұқсас зат салынған тағы 13 орама табылған. Сотқа дейінгі тергеу барысында шетел азаматының интернеттегі есірткі сататын дүкенде курьер болып жұмыс істегені анықталды.

    Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екенін көрсеткен. Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →