Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді •

    Үндістанда аю екі әйелге шабуыл жасап, бірі қаза тапты

    Үндістанның Уттаракханд штатында аю екі әйелге шабуыл жасады. Бір әйел қаза тауып, екіншісі ауыр жарақат алды. Жергілікті тұрғындар қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етуде.

    Үндістанда аю екі әйелге шабуыл жасап, бірі қаза тапты

    Сурет: pixabay.com

    Үндістанның Уттаракханд штатында жабайы аю екі әйелге шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан бір әйел қайтыс болып, екіншісі ауыр жарақат алған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Garhwal Post деректеріне сүйенсек, оқиға Чамоли ауданындағы Сидели-Ток аймағында болған. 56 жастағы Вимла Деви мен Лакшми Деви таулы жерде жүрген кезде оларға кенеттен аю шабуыл жасаған. Әйелдер жабайы жануардан қашуға тырысқан.

    Сол кезде Вимла Деви жартастан құлап, алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмған. Ал Лакшми Деви ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін оны мамандандырылған медициналық орталыққа ауыстырған. Оқиға орнына полиция, жергілікті әкімдік және орман департаментінің қызметкерлері барған.

    Жергілікті тұрғындар аюды ұстап, елді мекендер маңындағы патрульдік бақылауды күшейтуді талап еткен. Олардың айтуынша, соңғы кездері Уттаракхандтың таулы аудандарында аюлардың адамдарға шабуыл жасау жағдайлары жиілеген. Сондықтан халық биліктен елді мекендерге жақын аумақта жабайы жануарларды бақылауды күшейтуді сұрап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →