Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді •

    Қазақстанда медицина қызметкерлерін сақтандыру жүйесі жетілдіріледі

    Қазақстанда медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша бұйрық жобасы жарияланды. Жоба интерндер мен резиденттерді қамтуды кеңейтуді көздейді.

    Қазақстанда медицина қызметкерлерін сақтандыру жүйесі жетілдіріледі

    Сурет: ernur.kz

    Қазақстанда дәрігерлер мен басқа да медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғау тетіктерін күшейту жоспарлануда. Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Құжатқа сәйкес, бастама медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ олардың кәсіби міндеттерін атқару кезіндегі өмірі мен денсаулығын қорғау деңгейін арттыруға бағытталған.

    Жоба аясында медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын бірлесіп сақтандырудың үлгілік шарты енгізіледі. Сонымен қатар, қазіргі уақытта сақтандыру жүйесіне толық қамтылмаған дәрігер-интерндер мен дәрігер-резиденттер де сақтандыру қорғанысымен қамтамасыз етілмек.

    Бұйрық жобасында медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау кезінде үшінші тұлғалардың зорлық-зомбылық әрекеттерінен зардап шеккен жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі нақты белгіленеді. Сондай-ақ сақтандыру төлемдерін төлеу және денсаулыққа келтірілген зиянды бағалау рәсімдерін жетілдіру көзделген.

    Құжатта медицина қызметкерлері, пациенттер және Бірыңғай сақтандыру пулының әкімшісі арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін жақсарту қағидалары да қарастырылған. Министрлік бұл өзгерістер сақтандыру рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттырады деп санайды.

    Жоба авторларының пікірінше, ұсынылып отырған түзетулер медицина қызметкерлерінің әлеуметтік және құқықтық қорғалу деңгейін көтеруге, денсаулық сақтау жүйесіндегі қатысушылардың құқықтық әрі қаржылық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

    Күтілетін нәтижелердің қатарында кәсіби жауапкершілікті сақтандыру тетіктерін жетілдіру, медицина қызметкерлерін, оның ішінде интерндер мен резиденттерді сақтандыру арқылы қорғауды кеңейту және сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бар.

    Министрлік мәліметінше, құжат қабылданған жағдайда медицина қызметкерлерінің кәсіби қызмет барысында қорғалу деңгейі артып, пациенттердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда сақтандыру өтемақысын төлеу тетіктері де жетілдіріледі.

    Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 16 қыркүйекке дейін жалғасады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →