Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 454,0 527,8 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Петропавлда 25 жыл жазасын өтеген қылмыскер тағы 9 жылға сотталды

    Петропавлда 25 жыл жазасын өтеген қылмыскер тағы 9 жылға сотталды
    Фото: Pixabay

    Петропавлда он шақты адамды өлтіріп, сол үшін 25 жыл жазасын өтеген рецидивист екі жыл өтпей қайта әйелге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Оқиға биыл 19 маусымда Петропавл маңында болған еді. Сол күні Кричиневский жолда велосипедпен келе жатқан бейтаныс әйелді байқап, оны тоқтатқан.

    Петропавл қалалық сотының мәліметінше, сотталушы әйелге жоғалған сиырын іздеп жүргенін айтқан. Кейін оны мойнынан қылғындырып, жерге құлатқан. Сондай-ақ пышақ көрсетіп, өлтіремін деп қорқытқан және орманға бірге баруды талап еткен.

    Алайда қылмыскерге ойын жүзеге асыруға жолда келе жатқан бөгде ер адам кедергі келтірген. Көріп қалмасын деп қылмыстық әрекетін тоқтатқан кезде жәбірленуші осы сәтті пайдаланып, оқиға орнынан қашқан.

    Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен және жазбаша дәлелдемелермен расталды.

    Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ ер адам өз кінәсін мойындамады. Ал оның қорғаушысы сотталушының әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ екенін айтып, оны ақтауды сұрады.

    ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 2-бөлігі бойынша мұндай қылмыс үшін 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Нәтижесінде сот қылмыскерді 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

    Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →