Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады

    Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді

    Италия премьері Джорджа Мелони Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа достық пен ынтымақтастық үшін алғыс білдірді. Толығырақ оқыңыз.

    Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді

    Фото: Ақорда

    Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа достық пен ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұған дейін Мемлекет басшысы Италия үкіметінің тарихи рекорд орнатуына байланысты Джорджа Мелониді құттықтаған. Мелони басқаратын министрлер кабинеті 1413 күн бойы үздіксіз жұмыс істеп, Италия тарихындағы үкіметтердің тұрақты қызмет ету мерзімі бойынша рекорд жаңартты.

    Италия премьер-министрі әлеуметтік желідегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары бағасы мен шынайы достығы үшін ризашылығын жеткізді.

    «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары бағасы мен кездесулерімізді әрдайым сипаттайтын шынайы достығы үшін алғыс айтамын», – деп жазды Джорджа Мелони.

    Оның айтуынша, Қазақстан мен Италия арасындағы байланыс стратегиялық бағыттар бойынша нығайып келеді. Атап айтқанда, энергетика, маңызды минералдық ресурстар және жоғары білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге басымдық берілмек.

    Мелони Қазақстан мен Италия арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға ниетті екенін атап өтті.

    Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелонидің екі ел арасындағы достық пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалайтынын айтқан. Қазақстан Президенті Италиямен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруды асыға күтетінін жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →